Дархан Төреәділұлы – қазақ күресі мен самбодан халықаралық дәрежедегі спорт шебері, Түркістан қаласының «Жекпе-жек түрлерінен БЖСМ» директоры

1979 жылы 3 маусымда Түркістан облысы, Отырар ауданы, Шәуілдір ауылында дүниеге келген. Түркістан қаласындағы Қожа Ахмет Ясауи атындағы ХҚТУ-нің заң факультеті мен спорт факультетін бітірген.

Қазақ күресі және самбодан Қазақстанның бірнеше дүркін чемпионы, түйе палуаны. Қазақ күресінен Қ. Мұңайтпасов атындағы Халықаралық жарыстың он дүркін чемпионы, түйе палуаны. Қазақ күресінен ҚР Президентінің жүлдесінің жеңімпазы. Самбодан әлем чемпионатының күміс жүлдегері, Монғалияның Ұлан-Батор қаласында өткен VІ Азия құрлығының біріншілігінің күміс жүлдегері. Қазақ күресінен 2003 жылы Ақтау қаласында өткен ҚР чемпионатының «Түйе палуаны». Қазақ күресінен Оңтүстік Қазақстан газеті жүлдесінің бірнеше дүркін жеңімпазы, 4 мәрте түйе палуаны. Самбо және қазақ күресінен халықаралық дәрежедегі спорт шебері. 

Әр жылдары Ә.Нұрмаханов атындағы облыстық олимпиадалық резерв мектебіне жаттықтырушы, Түркістан қаласының денешынықтыру және спорт бөлімінің бас маманы қызметін атқарды.

2009 жылдан бастап Түркістан қаласының «Жекпе-жек түрлерінен БЖСМ» директоры қызметін атқаруда. Осы мектепте басшылық жасай жүріп Ерметов Айбек (бокстан Азия чемпионатының ІІ орын,  2013 ж.Филиппин), Нұрмағамбет Бек (бокстан Әлем чемпионатының ІІ орын,  2017ж. Санкт-Петербург), дзюдодан Молдаш Кемелбек (дзюдодан Азия балалары ІІІ орын, 2016ж Якутия, Европа кубогі  ІІІ орын,  2017ж. Берлин, самбодан Азия чемпионаты  І орын, 2018ж. Ұлан Батор), Алтынбеков Нұрдәулет (дзюдодан Евразия ойндары І орын, 2013ж. Алматы) және бірнеше Қазақстан Республикасының жеңімпаздары мен жүлдегерлерін тәрбиледі. Осы еңбектері еленіп жепе-жек спорт мектебі 2014 жылы желтоқсанда Түркістан қаласының «Үздік спорт мекемесі» номинациясын жеңіп алды.