Дастан Базарбаев - 3514 әскери бөлімінің Ұлттық гвардия сержанты

Дастан көршісін өртеніп жатқан пәтерден құтқарған. Ол жұмыстан соң үйіне қайтып келе жатқанда жұбайы көрші үйдің балконы жанып жатқанын хабарлаған. Дастан ойланбастан көрші пәтердегі жалғызбасты, егде кісіні құтқаруға жүгірген. Қуанышқа орай, есік ашық болған, ол пәтерге кіріп, қарт кісіні оятқан. Оны далаға көтеріп алып шығып, жедел жәрдем шақырған.

Жедел жәрдем келгенше ол жалынға оранған пәтерге кіріп өз күшімен өртті сөндірген. Дастан ержүректігі арқасында қарт кісіні ғана емес, Курчатов қаласының  Олимпийский көшесі, 17 үйде тұратын басқа тұрғындарды да құтқарып қалғанын сенімділікпен айтуға болады. Бұл күндізгі саған үш кезі еді және тұрғындардың көбі жұмыста болған еді. Қарт кісіге алғашқы медициналық көмек көрсетілді, қазіргі кезде ол адам дін аман және екінші рет жарық дүниені көруіне себепкер болған Дастанға алғыс айтып жүр. Бұл ерлікті тек қарт кісі және қала тұрғындары бағалап қоймай, сонымен қатар Қазақстан Республикасы Ұлттық Гвардиясының бас қолбасшысы генерал-лейтенант Р. Жақсылықов «Ұлттық ұлан қызметінің үздігі медалімен марапаттады. «Мен ешқандай ерлік жасаған жоқпын, дейді Дастан қысылып. – Бұл әр азаматтың борышы. Менің орнымда әскери болсын, қарапайым болсын, кез-келген адам солай істер еді Мен командирлерімізге ризамын. Олар бізді білекті етеді және біздің физикалық және моральдық күйімізді бақылауда ұстайды. Бұл жолы маған физикалық дайындығым көмектесті.»

Ол жай ғана әскери адам – 3514 әскери бөлімшесінің қарауыл басшысы емес, сонымен қатар Дастан облыстық «Мерейлі отбасы-2018» байқауының «Үздік отбасы» номинациясы жеңімпазы.