Диаз Мусалимов – әнші, Нью-Йорк университетінің вокал бойынша профессоры.

Ол 1991 жылы 27 қыркүйекте Семей қаласында дүниеге келген. 4 жасынан бастап, Татар өнер мектебінде музыкалық білім ала бастады. 5 жасында Ресей Федерациясы Қазан қаласындағы халықаралық музыкалық байқауда Гран-приді жеңіп алды. Қазақстан, Ресей, Украина, Швеция, Италия, Еуропаның бірқатар елдерінде өткен халықаралық байқаулардың лауреаты атанған. 2013 жылы үздік оқу үлгерімі үшін Норфолк мемлекеттік университетіндегі студенттер хорының мүшесі ретінде АҚШ Президентінің грантына ие болды. 2015 жылы университетті алтын белгімен жоғары баллмен (Summa Cum Laude) жедел түрде аяқтайды.

2016 жылдан бүгінге дейін Нью-Йорк университетінде магистратурада оқып жүргенде вокалды профессор болып келе жатыр. АҚШ-тың Лас-Вегас қаласында өткен «Головкин-Альварес» жекпе-жегінде Қазақстанның әнұранын орындады. АҚШ-тағы ең жоғары рейтингке ие «Ночное шоу с Джимми Фэллоном» ТВ-шоуында өнер көрсетті. Нью-Йорк қаласындағы аңызға айналған Мэдисон Сквер Гарден аренасында НХЛ матчында Нью-Йорк Рейнджерс командасының алдында өнер көрсеткен ТМД-дан шыққан қазақстандық тұңғыш әнші атанды.