Дидар Хамза – дзюдодан халықаралық дәрежедегі спорт шебері, Азия ойындарының чемпионы

Дидар Маратұлы 1997 жылдың 15 ақпанында Түркістан қаласында дүниеге келді. Мектепте үздік оқып, спортты да қатар алып жүрген Дидар Хамза, 2007 жылы Түркістан қаласындағы А.Нұрмаханов атындағы олимпиада резервтерін дайындайтын балалар мен жасөспірімдер спорт мектебінің дзюдо бөліміне барды. Онда дзюдодан ҚР-на еңбегі сіңген жаттықтырушы - әкесі Марат Фазиевке оқу-жаттығуға қабылданып, қазіргі таңға дейін талай жарыс шыңдарын бағындырды.

Дидардың бүгінге дейін жеткен жетістіктері жетерлік. Атап айтар болсақ, 2012 жылы Шымкент қаласында өткен ҚР чемпионатынде қарсылас шақ келтірмей, 1-орын жеңіп алды. Сол жылы Якутияда өткен Азия балалар ойынына қатысып, жүлделі 2-орыннан көрінді. Сонымен қатар,  Тайпейде жалауы желбіреген Азия чемпионатында чемпион атанды. 2013 жылы жасөспірімдер арасындаңы әлем чемпионатына қатысып 3-орын алды (АҚШ, Майами), 2014 жылы Гонконгте болған Азия чемпионатында жасындай жарқылдап 1-орын жеңіп алса, 2016 жылы Австрияның Оберхартында болған Еуропа кубогында да бірінші тұғырдан көрінген еді. Дидар 2017 жылы Хорватия мемлекеті Загреб қаласында өткен жастар арасындағы Әлем чемпионатта 3-орынды жеңіп алды. Ал осы жылы Индонезия мемлекеті Джакарта қаласында өткен Азия ойындарында Қазақстанның қоржынына алтын медаль салған болатын.

«Кез келген спортшының арманы – Олимпиадада алтын алу. Менің де ең бассты мақсатым Токиода өтетін Олимпиадаға жолдама жеңіп алып, 1-тұғырдан көріну. Риода өткен дүбірлі додаға қатысып, ондай жарыстың аурасын сезініп қойдым. Ендігісі, татамиде бар шеберлігімді көрсетіп, жеңіске жету», – дейді спортшы.