Динара Сәдуақасова тәуелсіз Қазақстан тарихындағы алғаш рет:

• 14, 17, 18 және 20 жасқа дейін жалғыз төрт дүркін  Әлем чемпионы.

• Әйелдер арасындағы Орталық Азия  Чемпионы (2015).

• Әйелдер арасындағы Азия  Вице-чемпионы (2016)

• Әлем вице-чемпионы (2007, 2011)

• әйелдер арасында халықаралық гроссмейстерлер, ерлер арасында халықаралық шебер

• ғаламшардың 30 мықты шахматшыларының ішіне кірген жалғыз қазақстандық  шахматшы

• 2005 жылдан бастап 2013 ж. дейін қыздар арасында Қазақстан Республикасының көп дүркін және абсолютті чемпионы.

•  11 жастан бастап  ҚР әйелдер құрамасына енді. Төрт Бүкіләлемдік шахмат Олипиадалардың қатысушысы (Дрезден 2008, Ханты–Мансийск 2010, Стамбұл 2012, Тромсе 2014)

• Халықаралық сайыстардың бірнеше дүркін жеңімпазы:  «Белая ладья», «Мемориал Л.Руденко», «Мемориал П. Измайлова», Дубай Шейхі Кубогының иегері, «Мемориал Г. Агзамова», «Павлодар Опен», «Moscow open», «Reykjavik Open», «Memorial Ridha Belkadhi, Women’s Tournament», Open Internacional de Benasque, «Cannes Open», «Carpos Open», «Павлодар облысы Әкімінің кубогы», «HDBank Open International». Еуропа Чемпионатының Күміс жүлдегері (2015). Бүкілресейлік универсиадада 1 орын (2016) және т.б.

• Динара Қазақстанда тұңғыш рет шахматты бастап ойнап үйренушілерге арналған  «Первые шаги в шахматах» оқу құралының авторы. Оқу құралын Динара өз қаражатына шығарып, Қазақстандағы мектептер мен балалар орталықтарына тегін таратты.  

• 2016 жылы Қазақстандағы шахматты дамытуға қосқан үлесі мен белсенді қоғамдық қызмет іүшін  «Құрмет» орденімен марапатталды.

• 2017 жылы «Үміт» қоғамдық орденімен марапатталды.

Динара Ташкент қаласында өткен Орталық Азия әйелдері арасындағы Чемпионатта екінші рет жеңіп алды (2015, 2017жж.).

Тоқсан сайын Динара оқушылармен, студенттер, сонымен бірге тұрғындармен бір уақыттағы ойын сеанстарын жүргізіп,  Қазақстандағы шахматты дамытуға барынша үлес қосуда.

Қазақ, орыс, ағылшын, корей тілдерін меңгерген, араб, француз тілдерін оқып-үйреніп жүр.

Спортшыны Қазақстандағы жұлдызды бағдар, болашақ ұрпақтың үйлесімді дамуы үшін үлгі тұтады.