Ерте жастан ғылымға құштарлығым зор болғанымен, экономикаға бейінделген Кәсіпкерліктің Эксперименталды мектебін таңдап, соны тәмамдадым. Он жылдан астам уақыт ҚМГ тобының компанияларында жұмыс істедім, NPV, M&A, IPO сияқты нәрселерді әбден меңгеріп алсам да, ғылыммен айналысуға аңсарым ауып жүрді, үнемі Nature, Wired және «Наука и жизнь» журналдарын үзбей оқып жүрдім.

Осы кезде елде технологияларды коммерциялау туралы айта бастады. Елде ғылым мен іскерлік тілінде еркін сөйлейтін мамандар тапшы еді. Осылайша мен технология саласындағы менеджмент мамандығын оқуға бел будым. Англиядағы Уоруик университетінің магистратурасына «Болашақ» бойынша түсіп, оны үздік аяқтадым.

Жаңа біліммен толығып, Назарбаев университеттегі жұмысыма –Коммерциализация бөлімінің басшы ретінде кірістім, кейін NURIS Технопаркін басқардым. Осы уақытта күн қуаты саласындағы KunTech деп ааған стартабымды бастап, EXPО конкурсының финалисі атандым.

Қазіргі уақытта BI Group ірі құрылыс холдингінің Корпоративтік университетін басқарамын, сонымен қатар BI Lab зерттеу орталығының қызметін үйлестіремін. Бұл динамикалық бизнестің, заманауи білім берудің және қолданбалы ғылымның түйіскен жеріндегі керемет қызықты жұмыс.

Кәсіби қызметтен бөлек әлеуметтік және қоғамдық жұмыстарға да белсене араласады – баспасөз беттерінде сараптамалық мақала жазады, ағаш отырғызу және ардагерлерге көмектесу бойынша науқандар ұйымдастырады, астаналық Астана Adventure клубының аясында спорттық өмір салтын дәріптеумен айналысады, белсенді саяхатшы, сондай-ақ, б музыкалық шығармашылықпен айналысады .