Досай Кенжетаев - философ, дінтанушы

Досай Кенжетаев – ҚР БҒМ философия ғылымдарының докторы, Қожа Ахмет Яссауи атындағы халықаралық қазақ-түрік университетінің дінтану кафедрасының профессоры.

2003-2004 жылдары Қожа Ахмет Яссауи атындағы халықаралық қазақ-түрік университетінде философия және дінтану кафедрасының доценті, аға ғылыми қызметкер болып жұмыс істеді. 2003-2007 жылдары «Яссауи жолы» журналының бас редакторы, «Яссауитану ғылыми-зерттеу орталығының» директоры болып жұмыс істеді. 2007-2008 жылдары Қожа Ахмет Яссауи атындағы халықаралық қазақ-түрік университеті жанындағы Түркістан аймақтық орталығының директоры лауазымында болды. 2008-2013 жылдары Түркітану ғылыми-зерттеу институтының директоры болып жұмыс істеді. 2008 жылдан бастап ҚР БҒМ профессоры, Түркітану ғылыми-зерттеу институтының директоры, Түркия мемлекеттік басқармасы және халықаралық қатынастар орталығының, дүниежүзілік түркі жастары одағының (DTGB) мүшесі, түркі жазушылары одағының (GKGB) мүшесі, ислам философтары халықаралық одағының мүшесі. Ғылыми ізденістерінің аясында ол философия, дін, тарих, мәдениет, түркі дүниетанымы, ислам философиясы және халықаралық саясат салаларына зерттеу жүргізеді.

Досай Кенжетаевтың философия, ислам философиясы, мәдениет, ғылым және философия туралы 200-ден астам ғылыми мақаласы бар. Ағылшын, парсы (сөздікпен), орыс, араб, түрік тілдерін біледі. Түркия және Қазақстан арасындағы достықтың халықаралық қоғамы «Бакулық жас ғалымдар» сыйлығының лауреаты, Түркі әлемінің құрметті ғалымы (2010). 2011 жылы Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің «Үздік оқытушысы» атанды.