Дулат Тастекеев – кәсіпкер

Бірде Тарбағатай ауданының шалғайдағы ауылындағы мектепте мұғалім оқушыларға «Патриот қандай болуы керек?» деген сұрақ қояды. Сонда бір оқушы қыз тұрып: «Мен үшін нағыз патриот  - Дулат Тастекеев», - деп жауап береді.  Таң қалған мұғалім: «Олай деуіңе не себеп?», - деп сұрайды. Оқушы қыз көп ойланбастан: «Өйткені ол туған жеріне әрдайым көмектеседі, стадион мен мешіттер тұрғызды, жол салып берді, мектебімізге мұражай мен жаңа кабинет сыйлады, сондай-ақ, жыл сайын Ақсуатқа танымал тұлғаларды әкеліп, айтыс өткізеді, киелі өлкеміз туралы кітап шығарады. Ол  - табысты бизнесмен және айналасына әрдайым көмек қолын соза білетін қамқор жан. Ең бастысы,  ешқашан туып өскен жерін ұмытқан емес. Олай болса, осы ағамыз - патриоттың нағыз өзі».  Тастекеев Дулат  –  Қазақстандық кәсіпкерлердің жаңа толқынының өкілі. Оның ерекшелігі  сол, ол өзінің табысты бизнесін жай ғана дамытып қана қоймай, оны жаңа форматта ұйымдастыра біледі, «Tas Group» компаниялар тобына басшылық етіп, қайырымдылықпен де айналысады. Шын мәнінде, барлығы осыдан 8 жыл бұрын ашылған кішігірім кеңдесен басталған болатын.  Дулат өзі кассир, өзі күзетші болып, телефон қоңырауларына да өзі жауап беріп,  өзі барлығын ретке келтіріп отырған.  ТАСКРЕДИТ  автокөлікті кепілге қойып,  көлік жүргізу құқығымен несие беруді ең бірінші болып қолға алған компания болды. Аталмыш инновациялық несиелік өнім үлкен сұранысқа ие болып, уақыт өте компания Қазақстанның барлық ірі қалаларында өз филиалардарымен автокөлік кепіліне несие беру нарығында көшбасшыға айналды. Компания жетістігінің басты құпиясы – тұтынушыға, қызметкерлерге, жалпы адамдарға деген ерекше қарым-қатынасында.  Компанияның тұрақты тұтынушыларының саны өте көп, және олар өз таныстары мен жақындарына оның қызметтері жайлы айтып, несиені осы жерден алуға кеңес береді. Компания қызметкерлері де жұмыс орнынан кетуді ойламайды, өз жұмысын сүйіспеншілікпен атқарады, себебі оларға жайлы жұмыс жағдайы жасалып, мансаптық өсудің барлық мүмкіндіктері берілген. Бір кездері еліміздің алдыңғы қатарлы банктерінің бірінде қызмет етіп жүргенінде, Дулат Тастекеев алдына «жаңа әрі халыққа қолайлы форматта несие беретін банк ашып,  еліміздің қаржы нарығында көсбасшы болатын компанияны құрамын» деп мақсат қояды. Және өзіне деген сеніммен, мақсатына жету жолында әрекет ете бастайды.  Қазіргі таңда «TAS» компаниялар тобына бірнеше компания кіреді. Олар: автокөлік кепіліне несие беру нарығының көшбасшылары – «Таскредит» пен «Tas Finance Group», «TAS Exchange» ақша айырбастау пункттерінің желісі, «TAS Microfinance» микроқаржы компаниясы, «Жетысу Агрокредит» несиелік серіктестігі, «AHTAS Contruction» құрылыс компаниясы, «Жанұя Мед» медицина орталығы және Ресейдегі «38» қаржы тобы (Мәскеу қаласы). Дулат біраз жыл бойы қайырымдылықпен айналысып келеді, 2018 жылдан бастап «ASSYLTAS» Қоғамдық қоры құрылды. Енді компанияның барлық қайырымдылық шаралары ресми түрде жүзеге асырылатын болды. Қайырымдылық қорының ең үлкен жобасы – бірнеше жылдан бері құрылысы тоқтап қалған Семей қаласындағы Орталық мешіт құрылысын қайта жандандыру. Тастекеевтер әулеті бұл мешітке дейін ШҚО Тарбағатай ауданына екі мешіт тұрғызған болатын. «Асылтас» қорының тағы бір ауқымды әрі ерекше жобасы – Дулаттың туған жері – Ақсуат ауылында осымен үшінші мәрте өткен «Туған жерге туыңды тік» атты халықаралық ақындар айтысы. Аталмыш шараның қатысушылары тек елімізден ғана емес, алыс – жақын елдерден де келіп қатысады. Айтыс  жүлдегерлері ауқымды сыйлық қорымен марапатталып, жыл сайын бір ақын «ТАСКРЕДИТ» компаниясы тағайындаған  шәкіртақыға ие болады. Бұл іс-шара қазақтың дәстүрлі айтыс өнерін танытып қана қоймай, сол аймақтың айтыстың мәдени астанасы және экотуризмнің жаңа бағыты ретінде дамуына ықпал етеді. Дулат 2016 жылдан бері айтыспен қатар, «Тарихқа толы Тарбағатай» альманахының шығаруға демеушілік етіп келеді. Кітап Тарбағатай ауданының кіші энциклопедиясы іспеттес, киелі өлкенің тарихынан, тарихи тұлғалары, аңыз-дастандарымен таныстыстырып, сұлу табиғаты мен архелогиясынан сыр шертеді.  2018 жылдан бастап әлеуметтік желіде Тарбағатай аймағын насихаттайтын жоба жүргізілуде, арнайы парақшаның жазылушылары күн санап атрып жатыр. Сонымен қатар, осы жылдың мамыр айында Тарбағатай өлкесінің сурет қорын құру мақсатында «Ғажайып өлке» жобасы іске асырылды. Әлеуметтік желідегі парақшаны жүргізу барысында осы аймақтың сапалы суреттері жоқтың қасы болып шықты, дереу осы олқылықтың орнын толтыру қажет болды. Аталмыш фотоэкспедицияға үздік фотоблогер Андриан Звигинмен бірге  Тарбағатайдағы ағашқы алтын адамды тапқан танымал археолог, тарихшы Ерден Оралбай аттанды. 2018 жылы Дулат Екпін ауылындағы мектепке көмектесіп, шалғайдағы туған ауылын өлкетану мұражайы мен заманауи құралдармен жабдықталған жаңа тарих кабинетімен қамтамасыз етті. Сонымен қатар, мектеп пен негізгі тас жолын байланыстыратын жол салып берді. Дулат Алматы қаласындағы өзі білім алған  Абай атындағы Республикалық «Дарын» мектебіне демеушілік көмек көрсетеді. Қазір мектепте шетелдік мұғалім дәріс беретін мектеп оқушыларына арналған ағылшын тілін оқыту бойынша тегін бағдарлама жүргізілуде. Біз мұнымен Дулат Тастекеев демеушілік еткен барлық әлеуметтік маңызды жобаларды тауысып бітіре алмаймыз, бұл сансыз шаралардың бір шеті ғана. Бірақ еліміздің 100 жаңа есімінің тізімінде болуы үшін осының өзі де жеткілікті екеніне сенімдіміз.  Игі істер атқар, адамдарды тұрақты жұмыспен қамтамасыз ет, жаңалық аш -  өз Отаныңа, ауылыңа, мектебіңе көмектес, еліңе деген сүйіспеншілік осындай шағын, бірақ маңызды істерден басталады емес пе?! Патриотизм өмірді жақсы жағына өзгерту, қалыптасып қалған стандарттарды бұзу, жаңалық енгізу, бизнесті дамыту, адамдардың қаржы мәселелерін шешуге көмектесу, алға жылжуға мүмкіндік сыйлау, таңқаларлық жетістікке қол жеткізу мен жас ұрпаққа үлгі болу секілді асқақ армандардан басталады.