Елден Сарыбай – «Қауырсын» жеке қорының негізін қалаушысы және ұйымдастырушысы, ақын-аудармашы, саясаттанушы.

Елден 1989 жылы Алматыда дүниеге келді.  Лондон университетінің шығыстану және африканистика институтында (SOAS, UoL) Саясаттану және даму (Politics and Development) мамандығы бойынша бакалавр бітірген.

2013 жылдың наурызынан бері ол концепция құрып «Өлеңдер мен қысқа әңгімелердің шығармашылық кештері» жобасын жүзеге асырып келеді, онда астананың ақындары мен жазушылары авторлық жұмыстарымен бөлісу үшін кездеседі.

«Астана тұрғындары мен қонақтары тек авторлық туындыларын оқитын шығармашылық кештерде жас әдебиетшілер мен ақындардың шығармашылық бірлестігін құру қажеттілігі пайда болды. Негізі қаланған күннен бастап шығармашылық топ тұрақты түрде қырықтан аса шығармашылық кеш пен онға жуық жеке ақындар мен жазушылар бенефисін өткізді. Біздің мақсатымыз қазақстандық ақындар мен прозаиктердің жұмыстарын таныта отырып Астананың мәдени және зияткерлік өмірін байыту. Біз Астананы мұнайға ғана емес, мәдени құндылықтарға да бай елдің астанасы деп танылатынына үміттенеміз» дейді Елден.

2015 жылы Елден Мағжан Жұмабаев атындағы «Мен жастарға сенемін» байқауын ұйымдастырды. 2017 жылдан бері Астана қаласында өтетін Бүкіләлемдік поэзия күні фестивалінің кураторы болып табылады.

Қазақ, орыс, ағылшын, түрік және неміс тілдерінде еркін сөйлейді.