Ерасыл Болат - спортшы

Ерасыл 2015 жылы Токио қаласындағы колледжге оқуға түсті. Японияда кәсіби дзюдомен айналысып, өзінің спорттық деңгейін күшейткен болатын. 2017 жылға дейін сол жерде жаттығып, білім алады. 2017 жылдың жазында Қазақстанға қайта оралып Әль-Фараби атындағы ҚазҰУ мемлекеттік және жергілікті басқару мамандығына түсті. Сондай-ақ, Әль-Фараби атындағы ҚазҰУ спорттың барлық түрінен капитандары болып табылады. Ерасыл 6 жасынан бастап дзюдомен айналысқан, қазіргі таңда халықаралық спорт аренасында мемлекетіміздің өкілі ретінде танылған. 1-дандағы қара пояс иегері және дхзюдодан спорт шебері атанған Ерасыл, әлем бойынша танымал жас спортшылар қатарына жатқызылған.

Ерасылдың жеңістер қатарында: 6 дүркін Қазақстан Чемпионы (2011-2017 жыл аралығы); 2012 жылы өткізілген Евразия ойындарының күміс жүлдегері; 2013-2014 жылдың азия ойындарының және европа чемпионатының финалисті; 2015-2016 жылдар аралығында Азияның ТОП-5 үздік жас дзюдоситтер қатарында; 2017-2018 жылғы Конфедерация кубогында және әлем чемпионатының  қола медаль иегері;  

Ерасыл Болат спорттың даумуы мен қоғам мәселелріне баса назар аударады. Мектеп кезінен бастап спорттық ұйымдар мен Дзюдо федерациясының көмегімен  спорттық және қайырылымдылық іс-шаралардың ұйымдастырушысы ретінде танымал. Осыған қарамастан, аталмыш іс-шаралар көп жағдайда БАҚ хабарланбайды. 2017 жылы Ерасыл Алматы қаласының студенттері арасында Дзюдо жарысының басты ұйымдастырушысы болды. Аталмыш іс-шараны жүргізу арқылы, жас буынның өздерін таныта білуіне, сондай-ақ олармен үлкен жарыстарда шығуда өзінің тәжірбиесін білуге мүмкіндік берді. Айта кететін жайт, аталмыш іс-шаралар тек қана спорттық бағытта ғана емес, сондай-ақ қайырымдылық бағыттада ұйымдастырылған болатын. Жарыстан шығарылған қаржылар Алматы облысы Қарасай ауданының жағдайы төмен отбасыларына аударылды. Аталмыш іс-шараның өткізілу барысында, Қазақстан Республикасының Даулет Турлыханов, Бекзат Ушкемпиров, Самат Смаков, Канат Ислам, Серик Сапиев, Ибрагим Бахрамов, Ислам Бозбаев, Елдос Сметов танымал спортшылары шақырылды. 2017 жылдың жаз айында, Ерасыл Қазақстан Республикасының жас дзюдоистерін дайындау жобасына тәжірбиелі маман ретінде шақырылды. 2017 жылдың қараша айында, Ерасыл Даулетулы Дзюдо Федерациясымен біріге отырып "Жас Барыс 2017" жарысын ұйымдастырған болатын. Бұл турнирде тек Қазақстанның ғана спортшылары емес, сондай-ақ орталық Азия мемлекеттерінің күресшілері қатысқан болатын.

Ерасыл Болат соңғы 5 жыл көлемінде өз еркімен «Жылу сыйла» жобасына атсалысып отыр. Көрсетілген жоба аясында жағдайы төмен отбасылардағы балаларға спорттық семинарлар өткізеді және де тосын сый қорабы, материалдық көмек жібереді. Осы уақытқа дейін Ерасыл және оның командасы Алматы облысының 20-ға жуық ауылдық округтер көмек алған болатын. Сондай-ақ, балалар үйімен тығыз байланыс орната отырып, жастарға спортзалдарға және концерттерге ай сайынға сапар ұйымдастырып отырды.

Қазіргі таңда Ерасыл "IQ Kazakhstan" клубының мүшесі болып табылады. 2018 жылдың 24 тамызында  "IQ Kazakhstan" ұйымдастырған логикалық тестілеуді тапсыра отырып, Ерасыл  барлығы 180 ұпайдан тұратын тестілеуден 150 ұпай жинаған болатын. Соның арқасында, Ерасыл Қазақстандағы "IQ" ең жоғары адамдар тізіміне енгізілген болатын.

Ерасыл Даулетұлы 5 тілді жетік меңгерген. Олардың қатарына: қазақ, орыс, ағылшын, орыс, япон және француз тілдері бар.

«Туған жерге туынды тік» «Рухани жаңғыру» жобасы аясында Ерасыл өзінің ауылында, яғни Георгиевкада әртүрлі әлеуметтік-спорттық іс-шараларды ұйымдастырып отыр. Олардың қатарында, ауылдың тұрғындары үшін Қазақстанның спорт шеберлерінен тегін мастер-класстар өткізген. Өзінің аталмыш мәселеді қызметі үшін Қазақстан Дзюдо Федерациясының басшысы Кайратом Кожамжаровым алғыс хатымен, сондай-ақ ҚазҰУ Ректоры М.Г.Мутановичтің, «Лига Волонтеров» группасының, АО «Спорт Пойнт» директоры Али Мирзаевтің және Алматы, Алматы облысы әкімдігінің алғыс хаттарымен марапатталған болатын.