Ербол Борашев – молекулярлық биология саласының маманы

Ербол Борашев – Молекулярлық биология және гендік инженерия зертханасының ғылыми қызметкері, молекулярлық биология, вирусология және гендік инженерия облысында жоғары білікті маман болып табылады.

Ербол Досанұлы Қазақ ұлттық аграрлық университетін «Аңшылықтану және аң шаруашылығы» мамандығы бойынша бітірген. 2011 жылы ТарМУ-дың магистратурасын «Биология» мамандығы бойынша тәмамдаған. Қазір әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің PhD докторанты. Ербол Борашев коллекция микроағзалар штаммын жаңарту және қолдау жұмыстарының орындаушысы болған. Атап айтқанда тұмауға қарсы вакцина жасауға қолданылатын тұмау вирусының және  A/AstanaRG/5:3/2009 рекомбинантты штаммдарын төлқұжаттау бойынша зерттеулер жүргізуге қатысқан. Сондай-ақ «Каспий акваториін түрлі этиологиялы инфекция қоздырғыштарды табуға эпидемиологиялық бақылау және жануарлар, құстар және балықтар популяциясында айналымда жүрген ерекше патогендерді молекулярлық биологиялық зерттеу» жобасы бойынша ғылыми тақырыптың орындаушысы.

Ол сондай-ақ республикалық «Инфлюэнца А/H1N1» тұмауын диагностикалау,  алдын-алу және емдеу жабдықтарын бақылау, зерттеу, әзірлеу» ғылыми-техникалық бағдарламасының аясында БҚМҒЗИ дайындаған  тұмауға қарсы әсерсіздендірілген Refluvac вакцинасын клиникаға дейінгі зерттеуге қатысқан. «Бруцелла геномының молекулялық-генетикалық қасиеттерін зерттеу және рекомбинантты вакциналық векторын құру» жобасына қатысқан. Республикалық жобалардан бөлек көптеген халықаралық жобалардың (DTRA қаржыландырылған, АҚШ) орындаушысы болған. Қазіргі уақытта «Антигендік құрылымы өзгеру барысындағы тұмау вирусының патогенезін ақуыздарды үш өлшемді моделдеу арқылы зерттеу» гранттық қаржыландыру жобасының жауапты орындаушысы.

Ербол Досанұлы соңғы бес жылда 21 ғылыми мақала жариялаған, оның ішінде 1 Thomson Reuters қорында индекстелетін, импакт-факторы 2.0 журналда, 1  Scopus қорында индекстелетін журналда, 2 шетелдік рецензияланатын журналдарда, 12 ҚР БҒМ білім және ғылым саласындағы бақылау комитеті ұсынған қазақстандық журналдарда жарияланған. Бұдан бөлек 2011 жылдан бері 7 өнертабыс авторы болып табылады, оның 3 ветеренария саласында өндіріске енгізілген. Сондай-ақ ол жылқы тұмауы вирусының штаммын, шошқа репродуктивті-респираторлы синдромын, диагностикалық ТПР тест-жүйелерін зерттеу  бойынша 6 өнертабысқа авторлық куәлік иесі.

Ербол Борашев институттың қоғамдық өміріне белсенді араласады. 2015-2017 жылдары БҚМҒЗИ жас ғалымдар Кеңесінің төрағасы болған және қоғамдық қызмет түрі бойынша институт қызметкерлеріне байқаулар, семинарлар және халықаралық конференциялар ұйымдастыруға белсенді атсалысқан. Институтта жұмыс істеген уақыт ішінде өзін құзыретті, білімді, ғылыми-зерттеу және өндірістік жұмыстарды жоғары ғылыми-әдістемелік деңгейде орындай алатын маман ретінде көрсетті. Ағылшын тілінде еркін сөйлейді.