Ербол Отарбаев – Ұлттық гвардияның әскери қызметшісі, аға лейтенант

Ұлттық гвардияның қатардағы жауынгері Ербол Отарбаевтың мысалында жауынгерлердің талай буыны тәрбиеленері анық. Жауынгерлік бекетте көрсеткен батырлығы үшін 19 жасар жауынгер Елбасының қолынан ІІІ дәрежелі «Айбын» орденін алған. Бүгінде жас офицер Ербол Отарбаев тәжірибесі мен білімін қол астындағыларға беріп жүр.

Ербол – көпбалалы отбасыдағы кенже ұл. Ауыл мектебінің 11 сыныбын бітірген жігіт әскерге кетеді. Ақтау қаласындағы түзеу мекемелерін күзетумен айналысатын әскери бөлімшелердің біріне түседі. Қатардағы Отарбаев 21-нен 22-не қараған түні әдеттегідей түнгі үштен таңғы алтыға дейінгі үш сағаттық кезекшілікке тұрады. Сарбаз кезекшілік атқарған алтыншы бекет шолу мұнараларының бірінде болатын. Таңғы сағат бес шамасында қатаң тәртіпті колонияның периметрі бойынша кенет жарық өшіп қалды – трансформатор күйіп кеткен. Бұл уақытта № 6 бекетке жақын жерде жарылыстан соң бірнеше сотталғандар аймақтан қашып бара жатқан. Сол сәтте Ербол сасып, қимылдап үлгермегенде, қылмыскерлер еш кедергісіз бекеттен өтіп кетер еді. Әскери қызметкер күркеден шығып, өзіне қарай баспалдақпен көтеріліп келе жатқан қылмыскерлердің бірін байқап қалады. Бірден оқ атып, ол сол жерде қаза табады. Ол құлағанда, екіншісі қашып бара жатқан еді. Ерболдың қараңғыға көзі үйреніп қалған болатын, ол тағы да оқ атып, қылмыскерге тигізеді. Ерболға ірі бытыра тиіп, сол қолынан жарақаттанады. Сөйтсе, 21 адам қашуға дайындалған екен, олардың екеуін Ербол өлтірген, біреуін жарақаттаған, қарауыл құрамы тағы бес адам ұстаған. Қалғандары төрт күннен соң табылған. Ербол Отарбаев өте ауыр жағдайда емханаға жеткізілген. Жігіт өкпесінің 25%-нан айрылған, қабырғасы сынған және қолынан жарақаттанған. Жазылуы мен толық оңалуына жарты жыл уақыт кеткен. Шұғыл қызметін аяқтап, жас батыр үйіне оралған. Жақын арада ҚР Ұлттық гвардиясының Петропавл әскери институтына оқуға түседі, оны бітірген соң Ұлттық гвардияда қызметін жалғастырады.

Бүгінде Ербол Шымкентте тәрбие және әлеуметтік құқық жұмысы бөлімі бастығының жастармен жұмыс істеу бойынша көмекшісі болып жұмыс істейді. Аға лейтенанттық атағы бар. Жақында Ербол семья құрып, қазір ұл тәрбиелеп отыр. Қазақстан Республикасының Ұлттық гвардиясының бас қолбасшысы генерал-лейтенант Руслан Жақсылықовтың құрметіне ұлының есімін Руслан деп қойған. Жас сарбаздың ерлігін жоғары бағалап мемлекеттік марапатқа ұсынған сол кісі болатын. 2011 жылы ҚР Президенті жарлығымен Ербол Отарбаев жауынгерлік борышын орындау барысында көрсеткен ерлігі үшін ІІ дәрежелі «Айбын» орденімен марапатталды. Қатардағы жауынгер Ербол Отарбаевтың шұғыл қызмет әскери қызметкерінің жанкешті әрекеттері 2018 жылдың 15 наурызында кинопрокатқа шыққан қазақстандық «Алтыншы бекет» фильміне арқау болғанын айта кетейік.