Ернұр Рысмағамбетовфизик, жаттықтырушы, мұғалім, Халықаралық қарды орталығы бюросының басшысы

ҚР Ұлттық командасын мектепаралық ғылыми жарыстарының дайындығына белсенді қатысушыларының бірі. 5 жыл бойы жаттықтырушы ретінде Ернұрдың жетекшілігімен оқушылар 25 мүмкін медальдің ішінен 24 медальді жеңіп алды, оның ішінде 6 алтын, 15 күміс және 3 қола.

Ернұр 11 сынып оқып жүрген кезінде Кембридж университетіне оқуға шақыру алды. Физика пәні бойынша халықаралық олимпиадалардың (IPhO) алтын және күміс медальдарының иегері - Бали, Индонезия, 2002 және Тайбэй, Тайвань 2003; 2000-2004 ж.ж. физика бойынша республикалық олимпиаданың төрт мәрте жеңімпазы және 2003 жылы республикалық мектеп олимпиадасының абсолютті чемпионы.

2007 жылы Калифорния Технологиялар Институтын «Бизнес, Экономика және Менеджмент» мамандығы бойынша тәмамдады, Лондондағы колледждің студенттік алмасу бағдарламасы бойынша оқыды. 2006 жылдың жазында Нью-Йорктегі «JP Morgan Chase» Инвестициялық Банкінде тағылымдамадан өтті. 2007 жылдан бастап 2009 жылға дейін Wilshire Associates қаржы-талдау корпорациясының талдаушысы және құрылымдалған қаржы құралдары бөлімінің бастығы болды

Ернұр Рысмағамбетов 1986 жылы 28 сәуірде Жезқазған қаласында дүниеге келді. Ол ғылымның, технологияның, инновацияның және тұтастай экономиканың дамуы үшін теориялық физика, ақпараттық технологиялар, әлеуметтік ғылымдар салаларынан 1000-нан астам ғылыми сарапшылар қажет деп есептейді, ол тұтастай алғанда Қазақстанның одан әрі дамуы үшін қозғаушы күш болады деген ойда. Оны адами капиталдың және Сингапурда жаңа индустрияның дамуына сондай-ақ басқа елдердегі индустрияның жаңа салаларды дамуына (бұл елдер үшін бәсекелестік артықшылығы болды) өз үлесін тигізген Филип Ео сияқты адамдар шабыттандырады.