Ерсін Темірғалиев – бейнелеу өнері және сызу мұғалімі, педагогика ғылымдарының магистрі. Ол Шахтинск қаласындағы «Ә.Ысмайлов атындағы балалар көркемсурет мектебінде» қызмет атқарады. Ерсін Манарбекұлы «Қарағанды суретшілер Одағы» қоғамдық бірлестігінің және Еуразиялық дизайнерлер одағының мүшесі.

Халықаралық «Шабыт» шығармашылық жастар фестивалінде жоғары кәсіби шеберлігін көрсеткен үшін дипломымен, Шахтинск қаласының білім беру, дене шынықтыру және спорт бөлімі бастығының Құрмет грамотасымен, 2014-2015 жылдары «Мастер АРТ» ІІ облыстық көрме- байқауы бойынша «Мүсін» номинациясы бойынша ІІІ дәрежелі дипломмен, осы байқауда «Натюрморт.Масло» номинациясы бойынша ІІІ дәрежелі дипломмен, «Мастер АРТ» бейнелеу өнері педагогтарының шығармашылық жұмысы ІV облыстық көрме-конкурсында «Сюжеттік құрылым, май» номинациясы бойынша І дәрежелі дипломымен марапатталған. 2017 жылы Қазақстандық Ұлттық ЮНЕСКО Федерациясы вице-президентінің мадақтамасына және тағы басқа көптеген марапаттарға ие болған.

Ерсін Манарбекұлы бейнелеу өнері және сызу мұғалімдері арасындағы көптеген облыстық сайыстарды жоғары деңгейде өткізуге ықпал етіп келеді. Оның шәкірттері де облыстық, республикалық, қала берді халықаралық сайыстарда жүлделі орындардан көрініп, ұстаз мерейін асырып жүр.