Ержан Нұрединов – Атырау қаласынан шыққан жас өнертапқыш, жасыл энергетика саласында бірнеше инновациялық патенттің авторы.

2017 жылы Ержан БҰҰ қоршаған орта жөніндегі (ЮНЕП) халықаралық стартап сайысының финалына шықты. Бұл сайысқа 190-нан астам елдің өкілдері қатысты. Ол ТМД елдеріннен бірінші болып,  «SolarWind Tree» (күн-жел ағашы) инновациялық көпфункциялы жобасымен «Жер шарының жас чемпиондары-2017» байқауының жартылай финалына  өтті. 

Бұл жобаны Ержан туған қаласы Атыраудағы Х.Досмұхамедов атындағы Атырау мемлекеттік университетінің аумағында жүзеге асырған. «Бұл қалалық ортада күн мен желдің энергиясын бір мезгілде өндіретін көпфункциялы қондырғы. Жобаның негізгі мақсаты – қаладағы атмосфераға CO2 шығарындыларын және түтінді азайту.  Сондай-ақ, қуаттылығы 5 кВт бір Күн-жел ағашының жұмысы жылына 145 кг көмірді немесе 460 мұнай баррелін үнемдейді» – дейді ол.  Сондай-ақ Ержан Нұриденов «ақылды жолақты» ойлап тапқан және оны патенттеп алған. Ол бұл жобаны масштабтау кезінде Қазақстан жолдарында өлім деңгейін төмендетуге көмектесетініне сенімді.

Қазіргі уақытта Ержан Х. Досмұхамедов атындағы Атырау мемлекеттік университетінің Эко-кампусты дамыту бөлімінде менеджер қызметін атқарады және жасыл энергетика саласындағы ізденістерін жалғастыруда.