Естай Рашкалиев – руководитель Управления юстиции г. Уральска

Рашкалиев Естай Елтаевич начал трудовую деятельность на государственной службе в 2001 году, в органах юстиции работает с 2008 года.  За безупречную работу неоднократно был награжден грамотами, благодарственными письмами руководителя Департамента юстиции Западно-Казахстанской области, грамотами Министерства юстиции Республики Казахстан и в 2013 году был награжден нагрудным знаком «Әділет органдарының үздігі».

Помимо того, что Естай Елтаевич инициативный руководитель   и    высококвалифицированный специалист, он также является талантливым   поэтом.   В своих стихах он много пишет о родном крае и дружбе.  

 2 августа 2017 года в рамках проведения дня культуры Западно-Казахстанской области   в г. Астане на сцене «Казмедия центра» прошли  выступления художественных  коллективов  г. Уральска, где одной  из исполненных песен была песня «Сәлем Астана», написанная  на стихи   Рашкалиева  Е.Е., музыка  Куаныша Кисметова.

Также на стихи Рашкалиева Е.Е. написана музыка и  исполнены песни «Сағынышым ауылым» - исполнитель Дауренбек Мергалиев, «Достық туы» - исполнитель  Куаныш Кисметов, «Жастық  дәурен» исполнена группой «Дарын».

САҒЫНЫШЫМ АУЫЛЫМ

Әні: Қуаныш Қисметов

Сөзі: Естай Рашқалиев

Туған жерім елім,

Сағынышым-ай!

Сенде өткен балғын-бала шақтарым.

Арман-құсым менің,

Алып ұшып-ай!

Жетелеген қиян сәтке қас-қағым

Қайырмасы:

 

Бірге өскен бауырларым,

Туған жерімде,

Сендар барда таусылмас арман.

Жастық өткен ауыл-әнім,

Асу-беліңде,

Әкем-анам іздері қалған.

 

Туған ауыл ән боп,

Жазылмай дастан.

Жолдасаң да өмір атты майданға!

Саған ғашық жан боп,

Жырым мұңдасқан,

Туған жері ыстық емес қай жанға?

 

29.03.2016 жыл.

 

ДОСТЫҚ ТУЫ

 

Әні: Қуаныш Қисметов

Сөзі: Естай Рашқалиев

 

Жылдармен сырғып жылжыған,

Алаңсыз өтті балдәурен.

Есейдік құрдас-құрбылар,

Достастық ғазиз жандармен.

 

Уақыттың асыл мұрасы,

Достықтың оты лауласын.

Жастықты кеткен қыр асып,

Ұрпақтар әрі жалғасын..

 

Достықтың туын ұдайы,

Биікте ұстау мәртебе!

Сендерге сенем шынайы,

Достарым өзің бар кезде.

 

Тоғысып жолдар сан тарау,

Достыққа сыйлас ұласқан.

Мүмкін бе досты аңсамау,

Сағынған сәтте сырласқан.

 

Табысқа жетіп өрлесек,

Қуанар дос шын жүректен.

Жалғасар достық келешек,

Ұрпақтар барда ілескен.

 

01.02.2016 жыл.

 

ЖАСТЫҚ  ДӘУРЕН

 

Әні: Қуаныш Қисметов

Сөзі: Естай Рашқалиев

 

Жастық дәурен жалындаған,

Арай таңдар атар мұнда.

Жолдарыңмен сан мыңдаған,             

Жүрміз әркез сапарыңда.

 

Қайырмасы:

Айлы кеште самаладай,

Әуенді әндер төгілетін.

Арман аппақ шағаладай,

Жастық жырлар өрілетін.

 

Жазира шақ алыстағы,

Сағым болып қол бұлғайсың,

Сол бір кездің таныс бағы,

Сағыныш боп ойды ұрлайсың.

 

Естеліктей жастық шақтан, 

Жаңғырады, ырғақ керім,

Жапырақтай сарғыш тартқан,

Сырласымдай жыр дәптерім.

 

20.01.2016 жыл.

 

СӘЛЕМ АСТАНА

 

Әні: Қуаныш Қисметов

Сөзі: Естай Рашқалиев

 

Көгімде арай атқан таң,

Көкжиекке алыс бастаған.

Шоқтығың биік әрқашан,

Асқақсың Астанам!

Тәлім ап терең тарихтан,

Жан сырын жауһар ай ұққан.

Бір әуен жетті қырқа асып,

Сұлу Ақжайықтан!

 

Қайырмасы:

Жайықтан жетіп асқақ ән,

Баурадың жанды жас қалам.

Бар әлем сенде назары,

Арудай Астанам!

Жарқ еткен, азат таң едің,

Бастаған алға бар елін.

Әніммен осы қабыл ал,

Жайықтың сәлемін!

 

Көктемдей күнде жаңарсаң,

Тамылжып сенде тамар таң.

Айбарым сенсің айбыным,

Киелі Сарыарқам!

Атырау, Алтай арасы,

Құм Нарын, Жайық қаласы,

Пейілі дана-дархансың,

Қазақтың даласы!

 

30.05.2017 жыл