Евгений Тетюхин - оқытушы

Евгений Тетюхин 1972 жылдан бері Петропавл қаласында М.Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан мемлекеттік университетінде жұмыс істейді, алдымен ассистент болған, кейін герман филологиясы кафедрасының (герман-роман филологиясы) аға оқытушысы және доцентіне өткен. Жыл номинациясында Оксфорд Библиографиялық орталығы жылдың үздік ғалымы атағына ұсынған. Ағылшын және неміс тілдерінде еркін сөйлейді.

Евгений Тетюхин тұрақты түрде ғылыми конференциялар мен адам құқығын қорғауға қатысты істерге қатысады. 1999, 2000 және 2002-2007 жж. Анкоридж және Фербенкс (Аляска, АҚШ) қалаларында өткен мүгедектерді қорғау бойынша халықаралық конференцияға қатысқан. 2006 ж. бері Гонолулуда өтетін мүгедектер құқығы бойынша халықаралық конференцияның (Pacific Rim Conference on Disability and Education)  және Гавайида (АҚШ) өтетін мүгедектер құқығы бойынша халықаралық форумның  тұрақты қатысушысы мен жүргізушісі. Бірнеше рет Фулбрайт гранты, Сорос қорының гранты, Америка және Англия елшіліктерінің гранттары, JFDP grant, TEA grant, SSEX (secondary school exchange), Award of Excellence of Teaching English and American Studies, Alumni Outreach Small Grant секілді халықаралық білім және спорт гранттарын жеңген.

Сондай-ақ Евгений Тетюхин халықаралық класстағы спорт шебері (мүгедектер спорты). Әлем бойынша арбадағы мүгедектердің 150-ден астам марафонына қатысып, жеңген (өз жасының тобында). Параолимпия ойындарының қатысушысы. Көп уақытын мүгедектер қозғалысын ұйымдастыру, спортқа жас мүгедектерді тарту секілді қоғамдық жұмыстарға арнайды, себебі Тетюхин Параолимпия комитеті мен ҚР мүгедектер спорты ассоциациясының комитет мүшесі, солтүстік Қазақстанның мүгедектер спорты федерациясының атқарушы директоры және алдыңғы қатарлы арбашы спортшы болып табылады.

Ағылшын клубының мәңгілік президенті. Клуб шеңберінде тек оқу, мәдени, тәрбиелік жұмыс қана емес, спорттық, сауықтыру және рекреациялық шараларды да ұйымдастырады. Атап айтқанда 25 жыл бойы қысы-жазы студенттермен табиғат аясына шығып, сейіл-серуен, балық аулау және т.б. спорт шараларын ұйымдастырады.

Евгений Тетюхин – мейірімді, жомарт жүректі және адамгершілігі мол жан. Әркімнің тілін тауып, көмектесу оның ешқашан өзгертпейтін басты ұстанымы.