Евгений Выблов – ШҚО Өскемен қ. «Үміт» балалар үйінің түлегі. С. Аманжолов атындағы Шығыс-Қазақстан мемлекеттік университетін «Музыка білімі» мамандығы бойынша бітірген. Қазір туған балалар үйінде музыка жетекшісі, педагог-ұйымдастырушы болып жұмыс істейді.

Қалалық, облыстық фестивальдар мен байқаулардың дипломанты, Алматы қ. І республикалық «Таң Шолпан»   балалар шығармашылық фестивалінің лауреаты (2001), облыстық «Махаббатпен» балалар шығармашылық фестивалінің,  халықаралық «Little Stars»: Словакия-Франция-Италия-Австрия фестивалінің І дәрежелі лауреаты (2003), «Әнші болғым келеді» телевизиялық байқауының (2004), республикалық «Әнші  балапан» байқауының  (Алматы қ., 2004), халықаралық «Little Stars»: Вена-Зальцбург-Мюнхен-Ницца-Канн-Монако-Венеция фестивалінің гран-при иегері, республикалық Абай оқуларының (2005), Мәскеу қ. «Созвездие дружбы» байқауының ІІІ дәрежелі дипломанты (2006), Біртұтас Ресей «Мы вместе» ұлтаралық фестивалінің І дәрежелі лауреаты (Барнауыл қ.), «Сибирская чайхана» фестивалінің лауреаты (Новосибирск қ. 2006), Халықаралық «Кастальский ключ» фестивалінен 2-орын (Санкт-Петербург қ., 2008), Қазақстанда Чехия елшілігі ұйымдастырған Халықаралық «Споёмте, друзья» Еуропа державаларының достығы фестивалінің лауреаты ( Астана қ., 2009),  Түркиядағы халықаралық фестивальда құрметті қонақ ретінде өнер көрсетті (Фетхие қ. 2011), танымал «Х-фактор» тележобасының қатысушысы (2012), танымал «Х-фактор» тележобасының жеңімпазы (2014).