Евгения Ильина – коуч психолог

Евгения Николаевна Ильина 1991 жылы 14 тамызда Целиноградта туған. 7 жасында ата-анасымен Ресейге, Белгорож қаласына көшіп кетіп, 20 жылдай тұрған. Сол уақытта 2 ЖОО-да бау-бақша және ландшафт құрылысы инженері мен психолог мамандығын оқып шыққан. 2014 жылдан бері Евгения жеке психолог практикасын жүргізеді. 2017 жылдан бері Шаг компьютерлік академиясында психолог, коуч болып жұмыс істейді. Қосымша тегін коуч-сессиялар өткізеді. Евгенияның жетістіктері таң қалдырады: 2007-2008 маусым – Белгород облысы чемпионатында 1 орын, туыстас қалалар арасындағы халықаралық турнирда 2 орын; 2008-2009 маусым - Белгород облысы чемпионатында 1 орын, 1991-1992 ж. қыздар арасындағы Ресей чемпионатында 11 орын; 2009-2010 маусым – Ресей бірінші лигасында 16 орын, студенттер арасында ОФА кубогында 3 орын; 2010-2011 маусым - Ресей бірінші лигасында 14 орын, студенттер арасында ОФА кубогында 1 орын, Ресей студенттер волейбол лигасының чемпионатында 2-орын; 2011-12 маусым -  Ресей бірінші лигасында 4 орын, студенттер арасында ОФА кубогында 1 орын, Белгород облысының жағажай волейболынан 1 орын; 2012-2013 маусым – Ресей ауыл шаруашылық ЖОО арасында 1орын, Белгород облысының жағажай волейболы бойынша 1 орын; жағажай волейболы бойынша Ресей чемпионатында 3 орын, елдің жоғары Б лигасында 20 орын; 2013-2014 маусым – Ресей чемпионатының жоғары Б лигасында 12 орын; 2014-2015 маусым – Ұлттық лига Қазақстан чемпионатында 1 орын, Азия чемпионатында 2 орын, бүкіләлемдік GrandPrix чемпионатында 2 орын; 2015-2016 маусым – Қазақстан кубогында 1-орын, Ұлттық лига Қазақстан чемпионатында 1 орын.