Фархад Болатов - музыкант

Фархад Болатов – Лондондағы айтулы  Гилдхол музыка және театр мектебінде оқыған алғашқы қазақстандық тромбоншы. Тромбонға арналған көне және заманауи музыканы дәріптеуші. «Астана Опера» Мемлекеттік Опера және балет театрының тромбондар тобы концертмейстері. Фархад 1988 жылы Ақмола облысында зиялы отбасыда дүниеге келген. 2003 жылы ол музыкамен кәсіби түрде айналыса бастаған. Үш жыл оқыған соң, 2006 жылы Фархад бірден екі байқаудың лауреаты болды: Алматыдағы Республикалық үрлемелі аспаптарда орындаушылар байқауында бірінші сыйлық және Новосибирсктегі «Сібір Ассемблеясы» Ашық бүкілресейлік байқауының екінші сыйлық иегері атанды.  

Фархад шығармашылық жолын П.И. Чайковский атындағы мемлекеттік консерваторияда жалғастырған, онда ол Ресей халық әртісі Анатолий Скобелевтің шақыртуымен оқыған.

Фархад алдыңғы қатарлы әлемдік оркестр содистерінің шеберлік сыныптары мен семинарларына қатысқан: Концертгебау корольдік оркестрі, Лондондағы Ковент-Гарден корольдік театры, Лондон симфониялық оркестрі, Нью-Йорк филармониясы, Чикаго симфониялық оркестрі, Бостон Симфониялық оркестрі, Санкт-Петербургтағы Мариин театры, Мәскеу Үлкен театры, Берлин филармониясы және т.б.

Ол 2015 жылы Мәскеу консерваториясының аспирантурасын бітірген, ал 2016 жылы Қазақ ұлттық өнер университетінде магистрлік диссертациясын табысты қорғады. Сол 2016 жылы Фархадқа аспапта ойнаушыларды даярлау бойынша үздік университеттер қатарына кіретін Лондондағы Гилдхолл музыка және театр мектебінде оқуға Қазақстан Республикасы Президентінің «Болашақ» халықаралық стипендиясы тағайындалды. Бұдан басқа, Гилдхолл мектебінде ол Қазақстаннан келген алғашқы тромбоншы студен болды және Лондон симфониялық оркестрімен бірге өнер көрсету құрметі бұйырған алғашқы қазақстандық үрлемелі аспапта ойнаушы болды.

2018 жылы Фархад Қазақ ұлттық өнер университетінде оқытушылық қызметін бастады. Ол музыкадан заманауи оқу-әдістемелік әдебиеттерді ағылшын тілінен қазақ және орыс тілдеріне аударумен айналысады. Қазір Фархад әріптестерімен «AQYL» зияткерлік қауымдастық жобасын ұйымдастыру жұмыстарын істеп жүр, онда қазақстандық түрлі мамандықтағы жастар өздерін көрсетіп, қызмет салаларындағы маңызды деп санайтын тұстары туралы айтып бере алады. Фархад Қазақстандағы өнерді дамыту негізі деп бірінші кезекте жас талантты музыканттарға көмек беру деп санайды.

Фархадтың жетістіктері: Алматыдағы Республикалық үрлемелі аспаптарда ойнаушылар байқауында бірінші сыйлық;е Новосибирсктегі «Сібір Ассемблеясы» Ашық бүкілресейлік байқауының екінші сыйлығы; Санкт-Петербургтағы Е.Мравинск атындағы Халықаралық байқау дипломанты (2007); Израильдегі Тель-Авив университеті шәкіртақысы; The Buchmann-Mehta school of music and drama кампусында оқу; Астанадағы «Shabyt Inspiration» халықаралық фестивалінің екінші сыйлығы; ҚР Тұңғыш Президенті – Елбасы қорының стипендиаты (2014-2015); Лондондағы Гилдхолл музыка және театр мектебінде оқуға «Болашақ» стипендиаты (2016).