Фархад Молдағали - режиссер

Фархад Молдағали – қазақстандық режиссерлердің жаңа толқынының жарқын өкілі. Soundrama – театр өнерінің жаңа бағыты. Оны петропалдық көрерменге алғаш рет Фархад таныстырған. 2017 жылы шілдеде «ТМД, Балтық елдері және Грузия жас режиссерлері зертханасына» қатысып және керемет идеялармен шабыттанып, ол StarTDrama шығармашылық зертханасын ашқан. Зертхананың алғашқы қойылымы  1986 жылы Алматыда болған желтоқсан оқиғасы туралы soundrama ""86"" спектаклі болды. Бұл шығарма Қазақстанда «Откровения» фестивалінде сілкініс тудырып қана қоймай, сондай-ақ Румынияға жолдама алды. Өзінің жастығына қарамастан, Фархад Молдағали Тұңғыш Президент қорының  лауреаты және С. Мұқанов атындағы музыкалық драма театрының бас режиссері болып табылады. Фархад – сан қырлы тұлға, ол үнемі жаңа шығармашылы шешімдер іздеп жүреді. Және де оны табатынын айта кету керек! Оған дәлел – көптеген марапаттары. Мысалы, Астана қ. VI халықаралық «Самғау» фестивалінде Фархад Молдағалидің «Қарагөз» спектаклі «Үздік режиссура» атауын жеңіп алды. Сондай-ақ жас дарын ГИТИС Ресей тератр өнері университеті ұйымдастырған VIII Халықаралық студенттік өз бетінше режиссерлі жұмыстар байқауында гран-при иегері болды.ГИТИС марапатын режиссер «Энергиясы, темпераменті және режиссерлік ойлаудағы құмарлық үшін» алды. Ол әділ қазы төрелігіне Оралхан Бөкейдің «Шырағың сөнбесін» және Уильям Шекспирдің «ІІІ Ричард» жұмыстарын ұсынған. Фархадтың талантын отандық қана емес, сондай-ақ шетелдік өнер қайраткерлері де мойындайды. Литвадан келген танымал театр режиссері Йонас Вайткус «Қарагөз» қойылымы туралы былай дейді: «Фархад Молдағали спектакльде ұлттық дәстүрлерге сілтеме жасаған және қателеспеген. Менің ойымша, оның болашағы зор, егер осы қарқынмен жалғастыра берсе, тіпті осы қойылымды түрлендіріп, осы оқиғаны басқа жанрда айтып берсе де, өте бірегей, оның үстіне жергілікті салттарға сүйенетін спектакль шығады».