Фарид Абитаев - кәсіпкер

Фарид Абитаев Өскемен қаласында «Астана-Бизнес» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің негізін қалаған. Оның негізгі бағыты Ресей, Өзбекстан, Тәжікстан, Иран секілді елдерге ауылшаруашылық өнімдерін және оларды өңдеу өнімдерін экспорттау болып табылады.

Компанияның кеңеюі және нарықтағы орнын нығайтуы нәтижесінде онда жаңа салалар пайда болды, мысалы, ауылшаруашылық химиясын, атап айтқанда өсімдік қорғау дәрілерін: тұқым улағыштар, гербицидтер, инсектоакарицидтер, родентицидтер, фунгицидтер және өсімдіктердің өсуін реттегіштер  сату.

2010 жылы облыс пен елдің а/ш нарығында берік орнауы нәтижесінде  компания күнбағыс дәндерінің гибридтерін (LIMAGRAIN, SYNGENTA); рапс дәндерінің гибридтерін (RAPOOL); жүгері дәндерінің гибридтерін (SYNGENTA); аралас жем-шөп дәндерінің гибридтерін (EURO GRASS) және уытты арпа дәндерінің гибридтерін (SOUFFLET) сату бағытын іске қосты.

2011 жылы ірі жер өңдеу техникасын шығаратын австриялық «HATZENBICHLER» компаниясымен эксклюзив дилерлік жасау «Астана-Бизнес» ЖШС қызметі дамуындағы жаңа үлкен қадам болды. Құрама бөлшектерді ыңғайлы және тез жеткізу үшін халықаралық және ішкі тасымалға арнайы техника сатып алынды, бұл жүкті көлікпен тасымалдау секілді жаңа бағытты игеруге мүмкіндік берді. Қазіргі кезде «Астана-Бизнес» ЖШС Қазақстан мен сырт елдердің а/ш нарығында табысты жұмыс істеп жатыр. Ауылшаруашылық техникасын шығаратын және жеткізетін  «Комбайновый завод РостСельмаш», ЖШҚ, «Сибирский Агропромышленный Дом» ААҚ, «Аграрий» ЖШҚ ӨКФ, IP Consult (INTERNATIONAL) LTD, Eurasia Group AG, TACHENG CITY LANYA TRADING CO.,LTD секілді шетелдік компаниялармен серіктестік байланыс орнатылған, SYNGENTA, LIMAGRAIN, BAYER CROPSCIENCE, DUPONT, DOW AGROSCIENCES, BASF, RAPOOL, EURO GRASS, SOUFFLET компанияларымен гербицид және тұқым сату бойынша дилерлік бағдарлама жұмыс істейді.