Ғалия Бисенғалиева - Жамбыл атындағы Қазақ мемлекеттік филармониясының жеке орындаушысы

Ғалия Сағадатовқызы Бисенғалиева – 14 ақпан 1986 жылы Алматы қаласында дүниеге келген. 1993-2000жылдары К.Байсеитова атындағы дарынды балаларға арналған музыка мектебін, 2000-2005жылдар аралығында Англиядағы Дэнстон колледжін үздік деген бағамен бітіріп, 2005-2009жылдар аралығында Корольдік Музыка Академиясында білім алды.  2009-2011жылдары  скрипка мамандығы бойынша аспирантурада оқыды.

Сол жылдан бастап осы күнге дейін Жамбыл атындағы Қазақ мемлекеттік филармониясының жеке орындаушысы қызметін атқарып келеді.

Ғалия Сағадатовна Бисенғалиева  — Халықаралық байқаулардың  лауреаты.

2009-2011жылдары - «Болашақ» Халықаралық Президент бағдарламасының  Стипендианты. Лондондағы  Корольдік  Музыка Академиясының  түлегі.

2004 жылы Англиядағы  Жас орындаушылар байқауының «Staffordshire Young Musician of  the Year 2004» лауреаты атағын алды.

2014 жылы  Қазақстан студенттерінің  елшісі ретінде,  бүкіл әлемдік өнер жастар тобымен бірге  Ұлыбритания Патшайымы  Елизавета  ІІ шақыруымен  “Young People in the Performing  Arts 2014”  атты (Букингемдік  Сарай, Лондон)  салтанатты тойлау шарасына қатысты. 

2015 жылы сәуір айында  Латын  Америка елдерінде қазақтың  музыка  өнерін дәріптеп, елге паш еткізіп, танытқаны  үшін  Аргентиналық  сыншылар   Ассоциациясы атынан   «Открытие года Аргентина 2015»   атты  марапатқа, 2015жылы  маусым айында -  Лондонның  Заманауи  Оркестрінің  концертмейстері ретінде  BBC Radio “Royal Musiс Awards” марапатына, 2016ж.  қыркүйек- «Үндістанның Еңбек сіңірген  өнер қайраткері» атағына, 2017ж.мамыр-   Әлемдік деңгейдегі орындаушылық өнерінің дамуына зор үлес қосқаны үшін Лондондағы  Корольдік  Музыка Академиясының  «Международная  награда»  атты марапаттарына ие болды.

Лондон Жастар Оркестрі, Шефилд Камералық Оркестрі,  “Opera Sinfonia”, Лондон Симфония, «Астана Опера», «New York» симфониялық оркестрлерімен өнер көрсетті.

1994-2017 жылдары  Ф.Мансуров, А.Анисимов, В.Ашкенази, В.Юровский, Е.Бушков,  Сэр Дэвид Колинс, Я.П.Тортилиер, М.Элдер, Т.Абдрашев, Р.Салаватов, Л.Шамбадал, Марат Бисенғалиев, Дж.Андерсон сынды майталман өнер қайраткерлерімен бірлесіп қызмет етті. 2006-2015жылдары -  Мемлекеттік  академиялық симфониялық оркестрімен, Үндістан симфониялық оркестрімен, әлемдік оркестрлермен бірге өз өнерін танытты.

Ғалия  Бисенғалиева  өзінің орасан еңбегімен қазақ музыка өнерін, оның ішіндегі классикалық музыканың шебер туындыларын насихаттау мен дамытуға қомақты үлес қосқан өнер иесі.