Ғани Құттымұратов – хирург дәрігер, жоғары санатты трансплантолог, PhD, ғылыми жұмыстар бойынша директордың орынбасары, Тараз қаласындағы кардиохирургия және трансплантология ғылыми-клиникалық орталығының бас трансплантологы.

2002 жылы клиникалық ординатураны, ал  2007жылы  М. Оспанов атындағы БҚММА-да балалар хирургиясы кафедрасында аспирантураны бітірді. 2005 жылдан 2008 жылға дейін «Трансплантация және жасанды органдар» мамандығы бойынша Қазақстан Республикасының Президентінің «Болашақ» бағдарламасымен Германияның Хайдельберг қаласындағы  Карл Рупрехта атындағы Университеттің хирургиялық клиникасы негізінде висцералдық және трансплантациялық хирургия бөлімінің докторанты болды. PhD дәрежесімен докторлық диссертация қорғады. Хирург – трансплантолог ретінде өз еңбек қызметін 2009 жылы Алматы қаласындағы А.Н. Сызғанов атындағы Ұлттық ғылыми хирургия орталығының органдарды трансплантациялау бөлімінде бастады. Органдарды трансплантациялауды дамыту үшін 2011 жылы Астана қаласындағы «Жедел медициналық көмек Республикалық ғылыми орталығы» АҚ-на шақырылды, онда ол Басқарма төрағасының кеңесшісі, содан кейін трансплантология бойынша бас маман лауазымын иеленді. 2013 жылдан 2018 жылға дейін Астана қаласындағы «Онкология және трансплантология Ұлттық ғылыми орталығы» АҚ-да органдарды трансплантациялау бөлімінің меңгерушісі болып жұмыс істеді. Сонымен бірге, Астана қаласындағы «Ана мен бала Ұлттық ғылыми орталығы» АҚ-да трансплантолог дәрігер болып жұмыс істеді, онда ол балалық жастағы пациенттерге бүйрек және бауыр трансплантациясы бойынша ота жасады. Екі жыл бойы Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Бас трансплантологы болды. Трансплантология саласындағы еңбек қызметі кезінде Ғани Мұратұлы Қазақстан Республикасында органдарды трансплантациялауды дамытуға елеулі үлес қосты, өз бетімен 340-тан астам бүйрек трансплантациясын жасады, Қазақстан Республикасында алғаш рет  асқазан асты безі мен бүйректі кадаврдан біріктірілген трансплантациялауды жүзеге асырды, 60 бауыр трансплантациясы отасына қатысты. Қазірдің өзінде 10 бүйрек трансплантациясын өткізді. Отандық және шетелдік басылымдарда 70-тен астам ғылыми мақалалары бар. Бүйрек трансплантациясы тақырыбы бойынша Қазақстан Республикасының Білім және ғылым Министрілігінің ғылыми-техникалық жобасының жетекшісі болды.