Жас жазушы Гаухар Кеңесова фэнтези жанрында жұмыс жасайды. Өзінің алғашқы кейіпкерлері жайлы 15 жасында жаза бастаған. Қазір оның жасы 20-да, алдына қойғвн мақсаттарына батыл қадам басуда.

«Мен Ақтөбе қаласында дүниеге келдім. 13 жасымнан бастап Астана қаласында тұрдым. Қазір Мәскеуде оқимын. Өзімнің алғашқы «Мектептік (студенттік) жазбалар» деп аталатын кітабымды мектепте оқып жүрген кезде жарияладым. Ол кітабында өткен ғасырға тап болып, қазақтың атақты ғұлама данышпаны Шоқан Уәлихановпен танысқан ұл бала туралы баяндайды. Бұл кітап 2017 жылы қазақстандық әдеби «Алтын қалам» конкурсының «Жыл прозасы» номинациясы бойынша жүлдегері атанды. Екінші «Когда талант смеется» атты фантазиялық кітапты ridero.ru сайтынан көруге болады. Ол жерде адамдар бөгде жанның таланты мен қабілетін ұрлап алатын әлем туралы айтады. Қазіргі уақытта шығарма «Алтын қалам» байқауында www.akalam.kz сайтында «Үздік фантастика» номинациясына қатысуда», - дейді ол.

 «Мен кітап жазуды жалғастырудамын және болашақта «Gifted for yourself» атты тақырыпта ағылшын тілінде сонымен қоса орыс тілінде фантастикалық жанрда уақыт кезіндегі саяхат туралы баяндалатын «Когда время бежит» атты кітап шығаруды жоспарлаудамын. Қазіргі таңда мен ММУ журналистика факультетінде 3 курста оқимын. Кітап оқығанды ұнатамын, инстаграммда блог жүргіземін. Әлемнің ең үздік универистеттерінде білімімді жалғастырып, бірінші санатты жазушы болғым келеді. Жазушылықтан басқа мен сурет салумен, көркем әдебиет оқумен айналысамын. «Қазақстанның 100 жаңа тұлғасы» атты жобасы маған біздің еліміздегі жазушылықтың жалпылама деңгейі туралы сұрақ көтеруге көмектесіп, мені жаңа оқырмандармен таныстырады деп ойлаймын».