Гаухар Омарова  – қоғам қайраткері

Гаухар Омарова - «Yмiт Yзбеу» қорының негізін қалаушысы.

Гаухар Бәкиқызының ұраны - «Көмегімізге мұқтаж балаларды бақыттырақ ету».  Қайырымдылық қызмет саласында мүгедек балаларға көмек әрдайым негізгі міндеттердің бірі болып қала бермек: ауру балаларға қуаныш сыйлау, баласының өмір сүру мен бақытты болу құқығы үшін күресіп жүрген ата-аналарды қолдау – игі мақсат. Балаларымен қиын жағдайда қалған әйелдерді түсіне отырып, Гаухар Омарова айналасына қолдарында мүгедек балалары бар әйелдерді жинай бастады – жыл сайын 360 бала инклюзив ортаға бағытталған шараларға барады, 360 бала оның шаралар мен мерекелерге шақыруын тағатсыздана күтеді, себебі ол жақта олар өздерін қоғамның толық мүшесі сезінеді, ал аналары түрлі қолдауға ие болып, өмірге деген көзқарасын өзгертеді.

Гаухар Бәкиқызы аналардың өз күшіне деген сенімділігін нығайтады, кәсіби дамуға және өз бетінше табыс табуға мүмкіндік береді. Гаухар Омарованың қамқорлығы мен мейірімділігі балаларға бақытты болашақ үмітін сыйлайды. «Материнских рук творение», «Творческая студия МаМалыша») жобаларының жүзеге асырылуы аналарға көмектесті - қиын өмірлік жағдайдағы 12 әйел мамандық алып, қаржылық тәуелсіз және әлеуметтік белсенді тұлғаларға айналды. «Инклюзия для всех», «Дед мороз спешит с подарками, «Қамқорлык», «Балаларды қорғау күні», «Мектепке жол», «Наурыз», «Тұңғыш президент күні» секілді жобалар балаларға әлеуметте бейімделуге мүмкіндік беріп, қоғамға кіруге қолайлы жағдаймен қамтамасыз етеді. Ауру балаларды емдеу үшін қаражат жинауға бағытталған акциялар мен жәрмеңкелер балаларға ТМД клиникалары мен шетелдерде ем алып, сауықтырудан өтуге мүмкіндік берді.

«Қиын өмірлік жағдайда қалған адамдарды бағыттап және олардың әлеуметтік жағдайын көтере отырып біз әрқайсысына өмірдегі орнын тауып, кірпіш боп қаланып, ертеңгі күніне сенімді болуына көмектесетімізге сенімдімін», - дейді Гаухар Омарова.

Ол жобаларында «мәселені анықтаудан оның шешімін табуға дейін» қамту ұстанымын басшылық етеді және қайырымдылық қызметке шыққан мәселелерді шешуге көмектесетін көбірек ерікті көмекшілер, волонтерларды тартады.

«Қоғамдық жұмыс» - бұл менің тағдырым, - деп есептейді Гаухар Омарова, - мен тіпті өмірімді онсыз елестете алмаймын». Ал өміріндегі басты жетістігі - мүгедек кезінде басына түскен барлық қиындықтарға қарамастан күрес пен ерік-жігерінің арқасында ауруды жеңгені деп біледі.

Еліміздің әлеуметтік саласына қосқан үлесі үшін Гаухар Омарова ҚР ДСжӘД министрі Т.К.Дүйсенованың сыйлықтары, дипломдары және алғыс хаттарымен, Қазақстан халық ассамблеясы төрағасының орынбасары Е. Тоғжановтың, «Нұр Отан Партиясы» төрағасының орынбасары И.С. Теренченконың алғыс хаттарымен марапатталған. «КЕҰ туралы жаңаша»/CSO New Vision Award КЕҰ қызметі туралы үздік оқиғалар байқауында Гаухар Бәкиқызы сыйлық пен «Мойындау» сертификатына ие болды. Әлеуметтік жобалардың бірі «Материнских рук творение» «Қазақстанда жүзеге асырылатын  үздік әлеуметтік идея» көрмесінде ең мықты инновациялық жобалар үштігіне енді.

«Ең болмаса бір адамның өмірін өзгертсең, демек өмірді бекер сүрмегенің». Бұл сөздер Гаухар Бәкиқызын дәл сипаттайды, себебі ол бір ғана адамның емес, жүздеген балалар мен олардың ата-аналарының өмірін жақсарта түсті.