Георгий Петрашвили – киберспорттың энтузиасті драйвер. Ол еліміздегі алғашқы ProgressGaming  киберакадемия ашқан кәсіпкер.

Георгий көп уақыт волейбол спортымен шұғылданған. Бірақ, оқу немесе спорт таңдауы түскенде ойланбастан біріншісін таңдайды. Оның кіші інісі компьютерлік ойындарға деген ынта-ықыласы жоғары болғандықтан, киберспортпен шұғылданатын досына хабарласып ақыл-кеңес сұрайды. Киберспорт индустриясы Георгий үшін де қызықты болып көрінеді. Ол досы екеуі бизнес-жоспар құрып, демеушілер іздей бастайды. Бірақ, бұл спортты қаржыландыратын ешкім табылмай, ақыры өз күштеріне сеніп, іске кірісуге бел буады.

– Өз күшімізбен бастауды жөн санадық. Қаланың орталығынан компьютер клубын жалға алдық. Сосын басқа да тәжірибелі ойыншылармен сөйлесе отырып, өзімізге жаттықтырушылар іздей басстадық. Қазір олар біздің академияда дәріс беріп жүр. Алғашқы жаттығу жүргізгенімізге Қазақстанда киберспортқа қызығушылық жоғары екенін аңғардық, – дейді ол.

Георгий ата-аналар компьютер ойындарын үйрететін академияға балаларын берудің мәнісін түсінбейтінін айтады. Олар балаларын болашақта зор жетістіктер күтіп тұрғанын түсіндіріп, ата-ана мен бала арасында көпір болып жүр.

– Киберспортта кәсіпқой – жақсы ойнайтын ойыншы емес, сол арқылы жақсы ақша табатындар, – дейді кәсіпкер.

Киберспорттың жылдам қарқынмен дамып жатқанын ескерсек, Георгийдің академиясы жақын уақыттары қанатын кеңге жаятынына күмән келтіру қиын.