Григор Мелконян – «Базилевс-2005» ЖШС директоры

2005 жылы Григор Размикұлы жаңа компанияның негізін қалағанда инженер-техниктің келешегіне ешкім сенбеген де еді. Басында өзін қосқанда екі-ақ қызметкері болған «Базилевс-2005» ЖШС-да бас-аяғы 12 жылдың ішінде 130 маманның берекелі ұжымына айналып үлгерді. Басқаша айтқанда, кәсібін 0-ден бастаған Г.Мелконян қазір бірнеше отбасының асыраушысын жұмыспен қамтып отырған, сондай-ақ, осы уақыт аралығында Астана қаласының инфрақұрылымына едәуір пайдасы тиген бірден-бір азамат.

С.Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университеті техник-технолог мамандығы бойынша жоғары білімі бар Г.Мелколян жетекшілік ететін компанияның мемлекеттік лицензиясы бар. Ал, оның иелігіне арнайы техника паркі, оның ішінде коммуналдық, жол және құрылыс техникасы тиесілі.  Григор Мелконянның тікелей басшылығымен астананың теңдессіз маңызды объектілерінің құрылысына қатысты: жаңа Нәжімеденов көшесінің құрылысы, Тельман атындағы Кенттің жолдары мен инженерлік желілері, Тілендиев даңғылынан бастап Сейфуллин көшесіне дейінгі нөсер кәрізінің коллекторы, V-2 ауданы нөсер кәрізінің тазарту құрылыстары, Сауран көшесі бойындағы нөсер кәрізінің коллекторы, ЖЭО-2 және ЖЭО-3 инженерлік желілері, су құбыры, кәріз, коммуналдық автопаркке (индустриялық парк) кірберіс жолдардың құрылысы, топырақ құнарлығын қалпына келтірумен қоса «Талдыкөл» ағынды суды жинауышын жою, Жұмабаев көшесі құрылысы, №31 көшенің құрылысы, Достық кентіндегі жолдар мен инженерлік желілердің құрылысы, А.Иманов көшесін қайта салу, «Көктал» шағын ауданындағы инженерлік желілердің құрылысы, «Грация» ТК, «АСИ» ТК құрылысы, «Инфинити» ТК инженерлік желілері және басқаларын атап өтуге болады. Өзінің еңбекқорлығымен әрі талапшылдығының арқасында қызметте көп нәтижелерге қол жеткізді. Григор Размикұлы сауатты әрі кәсіби білікті маман ретінде өзін танытып келеді. Қызметте өзіне және айналасындағыларға үлкен талаппен қарайды. Ол – кез-келген қызметтің тиімді әрі жүйелі орындалуы үшін сол жұмыстың тиімді тетіктері мен нақты жоспарлануына мән бере отырып, көздеген мақсатқа жетуге қабілетті тұлға.