1995 жылы апаттан кейін  Гүлмира Батпақұлова мүгедектік алып, тек мүгедектер арбасының көмегімен  қозғала бастады. Ол 2009 жылы «Арба» тірек-қимыл аппаратының функциялары бұзылған мүгедек азаматтарды қолдау қоғамы» қоғамдық ұйымының ашылуына бастамашылық етті. Ұйымның міндеті – қауымдастық мүшелерінің құқықтары мен заңды мүдделерін қорғауда жәрдемдесу, тең құқықтар мен тең мүмкіндіктер қоғамын құруға жәрдемдесу. 2009 жылдан бастап «Арба» қоғамдық ұйымының төрағасы болып табылады. 2010 жылы ТМД бойынша мүгедектігі бар адамдар ұйымының халықаралық желісіне қосылды.

2011 жылдан «Шырақ» мүгедектігі бар әйелдер ассоциациясы» қоғамдық ұйымының Батыс Қазақстан облысы бойынша филиалының директоры болып табылады. 2012 жылдан бастап мүгедектігі бар адамдардың Хлықаралық Орталық-Азия форумының мүшесі. 2011 жылдан бастап «Батыс Қазақстан облысындағы азаматтық альянс» заңды тұлғалар бірлестігінің мүшесі, Батыс Қазақстан облысы бойынша, сондай-ақ Қазақстан және ТМД бойынша үкіметтік емес ұйыммен тығыз жұмыс істейді.

Гүлмира Асқарқызы қалалық бөлімдер және басқармамен бірлесе отырып, арбаға таңылған мүгедектер үшін іс-шаралар өткізеді, республикалық жарыстарға қатысатын спорттық жарыстар, дәрістер, марафондар, республикалық қатысатын мүгедектердің шығармашылық фестивалін өткізеді, табиғатта мәдени демалу, спорттық балық аулау және басқа да іс-шаралар ұйымдастырады.