Гүлнәр Рысмағамбетова - заңгер

Гүлнәр Рысмағамбетова, заң ғылымдарының кандидаты, «Болашақ» академиясының бірінші проректоры, заңгер. Гүлнәр Мұсақызы Ресей Федерациясының Орынбор облысындағы зиялы отбасының тұңғыш перзенті. Әкесі қоғамдық бастамаларда Шығыс Орынборда қазақ халқы мәдениетінің дамуына ықпал еткен. 1992 жылы диаспорадан Алматы қаласына алғашқы Бүкіләлемдік қазақтар құрылтайына жіберіліп, онда ол балаларын Қазақстанның игілігі үшін қызмет етуге жіберуге сөз берген.

1996 жылы Е.А. Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университетін бітірген Гүлнәр Рысмағамбетова Орынбор қаласына  жұмысқа орналасудың жақсы ұсыныстарын қарамастан альма-матерінде жұмыс істеуге қалады. 1998-2001 жылдар аралығында Е.А. Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университетінің жастар ісі жөніндегі комитетінің төрайымы лауазымында болған, облыс әкімдігі жанындағы жастар ісі жөніндегі Кеңес мүшесі болған, Қазақстан кіші халық ассамблеясының құрамына енген. ЖОО мен аймақтың тәрбие жұмысының саясатын тұтас анықтайтын бірқатар маңызды құжаттар жасауға белсене қатысқан.

2003 жылы күндізгі аспирантураны бітірген соң «Қылмыстық құқық және криминология» кафедрасының аға оқытушысы болып жұмыс істеген. 2005 жылы Гүлнәр Рысмағамбетова «Болашақ» өзекті білім беру институтына (қазір «Болашақ» академиясы) тәрбие ісі жөніндегі проректор лауазымына шақырылған, онда ол қызметін заң факультетінің деканы және 2009 жылдан бері бірінші проректор ретінде жалғастырған. 2007 жылы «Қазақстан Республикасының қылмыстық-құқытық саясатын жүзеге асырудағы амнистия мен кешірім берудің маңызы» тақырыбына кандидаттық диссертациясын сәтті қорғаған.

Гүлнар Рысмағамбетоваға азамат және кәсіпқой маман ретінде өз мүдделерінің артынан ұзақ және мұқият жүру тән. Гүлнәр өмірін арнап жүрген үш сала: қылмыстық құқық, жер аудару мәселелерін зерттеу және Қазақстан халық ассамблеясының қызметі болып табылады. Оның үстіне күн сайын ЖОО қызметін үйлестіру бойынша әкімшілік жұмыстарды атқарады. Академия ұжымы өз басшысы туралы құрметпен және жылылықпен пікір айтады. Қазақстан Республикасының Білім және Ғылым министрлігі Гүлнәр Рысмағамбетованы білім беруге қосқан үлесі үшін құрмет грамотасымен марапаттаған. Соңғы жылдарда тәуелсіз аккредитация агенттігінің білім беру сапасын қамтамасыздандыру бойынша IQAA сарапшысы болып табылады.

Қылмыстық жауапкершілік пен жазадан босату, ұйымдасқан қылмыспен күрес саласындағы ғалым ретінде атқарымдарын қазірге дейін жалғастырып келеді. Диссертация қорғаған соң халықаралық және республикалық басылымдарда, ғылыми еңбектер жинағында 40-тан астам ғылыми және ғылыми-әдістемелік жұмыстар жарияланған. Педагогикалық қызметін үздіксіз жалғастырып, студенттермен білімін бөлісіп жүр. Қазрі педагогикалық өтілі 22 жылды құрайды.

12 жылдан астам уақыт бойы ҚР ҰҒА академигі, заң ғылымдарының докторы, Н.О. Дулатбеков басқарып отырған «Қарлаг – өткенге тағзым, болашаққа тағылым» халықаралық жобасы жұмыс тобының мүшесі болып табылады. Бұл жобаның шеңберінде саяси репрессия құрбандары туралы аймақтық және жаһандық сипаттағы тарихи-құқықтық тақырыптың кең жолағын көрсететін мәлімет жиналады. Жұмыс істеген жылдар ішінде 43 монография, Россия, Австрия, Венгрия, Жапония және басқа да мемлекеттерде кеңінен қоғамдық сілкініс тудырған ғылыми зерттеулер жарияланды. 

Гүлнәр Мұсақызы халықаралық деңгейдегі конференциялар мен жоба таныстырылымдарының ұйымдастыру комитетінің мүшесі болып жүр, әлемдегі алдыңғы қатарлы кітапханаларға, ғылыми орталықтар, қорларға, оқу орындарына тегін кітаптар жібереді. Жоба шеңберінде кітап шығаратын ғалымдармен тығыз байланыста. «Болашақ–Баспа» РБҰ шығаратын кітаптар бойынша барлық мәселелер – Гүлнәр Рысмағамбетованың тікелей үйлестіру жұмысы.

Жоба шеңберінде жас ұрпақты жер аудару кезеңіндегі тарихи мұраны зерттеу мәселелеріне жұмылдыру бойынша тұрақты жұмыс жүргізіледі. Осылайша Қарағанды облысында «Жады экспедициясы» - Ұлттық жастар жобасының халықаралық экспедициясы ұйымдастырылды. Бағдарлама 1941-1949 жылдар аралығында Қазақстанда жазасын өтеген тарихи тұлғалардың тағдырын зерттеу бойынша ғалымдар мен журналистердің бірлескен зерттеу жұмыстарына Қазақстан және Молдова студенттерін тартуға бағытталған. Экспедиция қорытындылары бойынша Нұрлан Дулатбеков, Октавиана Цыку, Сильвиу Милоюдың «Спасск 99. История румынских военнопленных в документах» кітабы шығып, Молдова Ғылым академиясында жылдың үздік кітабы деп танылды.

Гүлнар Рысмағамбетова репрессия мен жер аудару тақырыбына мәдени-бұқаралық  таныстыру бойынша жұмыстың белсенді қатысушысы. Студенттерді тізімдер мен құжаттар жинау бойынша мұрағат материалдарымен жұмыс істеуге жұмылдыру жүзеге асырылады. Мектеп оқушылары мен колледж студенттері арасындағы «Қарлаг – өткенге тағзым, болашаққа тағылым» халықаралық шығармалар байқауының, «Александр Галич. Қарағанды» шығармашылық бард кештерінің ұйымдастыру комитетінің мүшесі болып табылады. Репрессиялар мен жер аудару тақырыбы Гүлнәр 17 жылдан аса қоғамшылы боп жүрген Қазақстан халық ассамблеясымен тығыз байланысты. Ол бірнеше рет халықаралық деңгейдегі түрлі мінберлерде: «Тоталитаризм дәуірінде ұлттарды жер аудару: тарих сабақтары» халықаралық ғылыми-практикалық конференцияда, Ақтөбе қаласында өткен «Болашақ үшін жады: киелі тарих және тарихи естелік» халықаралық форумында сөйлеген, және  «Тағзым» акциясы аясында Ақтөбе қаласыда «Ақбұлақ» АҚ-да тарих сабақтарын өткізген. Бұл бағыттағы жұмысы үшін РФ «Мемориал» қоғамының және Герман-неміс қоғамының алғыс хаттарымен марапатталған.

Гүлнәр Рысмағамбетова Қарағанды облысының Қазақстан халық ассамблеясының ғылыми-сараптамалық топ мүшесі ретінде аймақтық шараларға тұрақты қатысып тұрады, бірнеше рет қоғамдық келісім облысында мемлекеттік саясатты жүзеге асырудың түрлі тақырыптары бойынша дөңгелек үстел отырыстарын модерациялаған, әлсін-әлсін БАҚ-та сөз сөйлейді. Бірқатар жарияланымдар дайындаған, олардың ішінде 25.04.2017 ж. «Казахстанская правда» газетіндегі «Формируя гармоничную личность» мақаласын атап өткен жөн. «Болашақ» Академиясының магистрі А.У.Әупеновамен авторлас «Қазақстан халқы Ассамблеясы: құрылған уақыттан бастап бүгінге дейін» еңбегін дайындап, ол 2018 жылы Қазақстан Республикасының президенті Н.А. Назарбаевтың қоғамдық келісім және жалпыұлттық бірліктің қазақстандық моделіне арналған үздік ғылыми жоба ретінде 2-орын алған.