Гүлшат Сейітмұратқызы мамандық таңдағанда әкесі үлгі болды. Ол Ақтөбе мемлекеттік медицина институтын бітіріп, 20 жылдан астам қоғамның игілігі үшін бас дәрігер ретінде қызмет атқарған және «Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің денсаулық сақтау ісінің үздігі» төсбелгісімен марапатталған.Бұл Гүлшаттың болашақтағы жолын анықтап берді. Бүгінгі таңда Гүлшат Кемелова Қарағанды мемлекеттік медицина университетінде қызмет етеді, денсаулық сақтау саласының мамандарын даярлауға және медициналық білім беруді дамытуға зор үлес қосып келеді.

Жалпы еңбек өтілі – 23 жыл, ал педагогикалық өтілі - 16 жыл.

2006 жылы медицина ғылымдарының кандидаты ғылыми дәрежесін алу үшін диссертация қорғады, 2010 жылы ҚР Білім және ғылым министрлігі «медицина доценті» атағын берді. Қазақстан Республикасы Президентінің «Болашақ» халықаралық стипендиясының стипендиаты (2013-2014) атанды.

Кемелова Гүлшаттың  ҚММУ-дың жоғары педагогикалық біліктіліксанаты (2016), «клиникалық фармакология» бойынша жоғары біліктілік санаты (2018) бар.1 патент, 5 зияткерлік меншік және 75-тен астам баспа жұмысының авторы.

Көптеген жылдар бойы ол медициналық білім беруді дамыту мәселелері бойынша ҚММУ мен ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің жұмыс топтарының құрамында болды. Дәрістер оқиды және сабақты үш тілде (қазақ, орыс, ағылшын) жүргізеді, баяндамалар жасайды (конгрестер мен конференцияларда таныстырылымдармен), Қазақстан Республикасында және шетелде шеберлік сыныптары мен оқыту семинарларын өткізеді. ҚММУ-де 20 жылдан астам қызмет атқарады.

1997 жылдан бастапуниверситеттегі жұмыс барысында  жетекшілік етудің кәсіби дағдыларын игере бастады.Ол басқарудың басқа міндеттерімен өзара байланысты ескере отырып, мәселені анықтауға қабілетті болды; әртүрлі мамандардың пікірін ескере отырып, оңтайлы шешімдер қабылдайды;қызметкерлердің жұмысын жедел қадағалайды және басқарады.Клиникалықфармаколог ретінде дәлелді медицина тұрғысынан дәрілік заттарды ұтымды пайдалануды зерттеу дағдыларын иеленген.

2008 жылы Г.С. Кемелова Үндістан медициналық кеңесі (ҮМК) мойындаған Медициналық білім беру ұйымдарының тізіліміне Қазақстан Республикасының медициналық институттарын қосу туралы мәселені шешу үшін Үндістан медициналық кеңесі мен Үндістан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігіне делегация басшысы ретінде жіберілді. Бұл мәселе Үндістан медицина кеңесінің өкілдерімен болған ұзақ талқылаулар мен келіссөздер нәтижесінде оң шешімін тапты, ал 2009 жылы Қазақстан Республикасының барлық медициналық университеттері ҮМК мойындаған медициналық ұйымдардың тізіміне енгізілді.2011 жылы Г.С.Кемелова Медициналық білім орталығының директоры болып тағайындалды.Педагогикалық біліктілікті арттыру және бағдарламаларды жетілдіру мәселесі бойынша міндеттерді табысты жүзеге асыру мақсатында Азия-Тынық мұхиты аймағындағы медициналық білім беру саласындағы көшбасшы болып табылатын International Medical University-де(Куала-Лумпур, Малайзия) тағылымдамадан өтті.Медициналық білім саласындағы жетекші мамандар, университеттің Вице-президенті, профессор Виктор Лим және Норвегиядан келген профессор Стефан Куцшенің жетекшілігімен IMU-де тақылымдамадан өтті.

Медициналық білім берудің көшбасшылары, Еуропадағы медициналық білім беру қауымдастығының мүшелері болып табылатын атақты профессорлармен танысып, білім беру мәселелері бойынша тығыз ынтымақтастықты жалғастырып келеді. Сондай-ақ АҚШ, Испания, Сингапур, Австрия және Мәскеуде тағылымдамадан өтті. Ресей медицинада симуляциялық оқыту қоғамының мүшесі (РОСОМЕД, Ресей). Мединицалық білім беру саласына қосқан үлесі үшін ҚР ДСМ-ның «Денсаулық сақтау министрлігінің үздігі» (2008), П.М.Поспелов атындағы «ҚММУ-ды дамытуға қосқан үлесі үшін» (2015), ҚР ДСМ-ның«Денсаулық сақтау дамуына үлес қосқан үшін» (2016) төсбелгілерімен марапатталды.

Тағылымдамалардан кейін университетіне келген сәттен бастап, Гүлшат Кемелова медициналық білімі бар,бірақ оқыту мен білім беруде тәжірибесіжеткіліксіз мамандарға арналған  ҚММУ-дағыЖас мұғалім мектебін құру туралы бастама көтерді.Қазіргі уақытта ҚММУ-дағы симуляциялық орталықтың директоры және өзінің жұмысына ерекше көңіл бөледі.Мұғалімдерге тиімді оқыту мәселесі бойынша үнемі консультациялық көмек көрсетеді, осы бағытта  шетелде шеберлік сыныптарын өткізеді.Кемелова Гүлшат – бағалаумен оқытудағы жаңашыл адам, ол өзінің білгендерін оқытушылармен студенттер арасында қуана бөліседі. Әріптестері мен студенттер арасында беделге ие.