Халиолла Акдрашев – «Нефтестройсервис ЛТД» компаниясының ди⁠ректоры

Қазіргі Қазақстанды ақылымен, қолымен және талантымен жасап отырған  замандастарымыздың бірі – Халиолла Акдрашев.

2008 жылы Түркияның Анкара қаласындағы Білкент университеттін бітірген соң, «әкімшілік басқару» мамандығы бойынша Алматы қ. ҚМЭБИ магистратурасына түскен. Еңбек жолында 2009 жылы «Нефтестройсервис ЛТД» ЖШС-да инвестициялық топ басшысы ретінде бастаған Х.Акдрашев жұмысында жұмысшыларға қажетті жағдай жасауға және қол еңбегін азайту үшін құрылыс саласына жаңа технологиялар тартуға ерекше көңіл бөлген. Оның жеке қатысуының арқасында Теңіз кен орнының негізгі ресурстары шоғырланған вахталық қалашықтарында жұмысшыларға арнап ондаған жаңа жатақхана, спорт залдары және заманауи асханалар салынды. «Дәулет нан» индустриалды аймақ жобасын бастап, жүзеге асырған. «Дәулет нанның» қуаты тәулігіне 30 тонна дайын өнімді құрайды. Салыстыратын болсақ – Атырау қаласының қолданыстағы 13 наубайханасының өнімділігі – тәулігіне 33 тонна. Әсіресе «Дәулет нанның» «Атырау раритетті наны» дұрыс тамақтануды ұстанатындар арасында ерекше танымалдылық тапты.Жобаның ерекшеліні нанның негізін ашытқысыз ұйытқы құрап, өнімдердің бір бөлігі өткен ғасырлардан сақталып келе жатқан «әжелеріміздің» ежелгі  дайындау әдісімен пісірілетінінде. Зауытта Нидерланды, Германия және Швейцариядан алдырылған танымал Еуропа маркасының жоғары технологиялы нан пісіретін жабдығы орнатылған. Ұн өндіруден бастап дайын нан-бөлке өнімдерін шығаруға дейінді барлық процесс толықтай дерлік автоматтандырылған және бір планшеттік көмегімен басқарылады. Өндіріс толықтай автоматтандырылғанына қарамастан, 126 жұмыс орны ашылған. Шығарылатын өнімдер түржинағы – 50-ден аса нан және кондитер өнімдері. Бұл инновациялық жоба заманауи технологиялардың үлгісіне айналды. Екінші құраушысы – өндірістің негізгі саясаты халықтың ауқымды тобына қолжетімділігі негізінде құрылғандығында. Бүгінде индустриялық аймақтың өнімі аймақтағы ең арзан өнім. Халиолла басқарып отырған компанияның корпоративтік саясаты салауатты өмір салты негізінде құрылған, зиянды әдеттерден бас тарту көтермеленеді. Бөлімшелерді техникалық жабдықтауды түбегейлі жаңартуға қатысқан. Компания жұмысшылары  тұрақты негізде үйрету мен біліктілік арттыру курстарынан өтіп тұрады. Компания оның бастамасымен аймақта белсенді әлеуметтік саясат жүргізеді, мысалы, қайырымдылық акциялары, демеушілік көмек және «Рухани жаңғыру» бағдарламасына белсенді қатысу.