Хон Юрий - Ақтөбе облысындағы қоршаған ортаны қорғау бөлімшесінің аға инспекторы

Юрий Борисович түскі астан кейін әріптесі екеуі күнделікті бақылауға шығады. Келе жатып, оның көзі көлде тұншығып жатқан адамға түскен еді. Бірден көлікті тоқтатып, күннің суығына қарамастан суға секіріп,  батып бара жатқан адамды жағаға алып шықты. Қатты тоңғаннан ба, әлде суда әбден дәрмені таусылғаннан ба құтқарылған адам есін жоғалтып үлгеріпті. Юрий әріптесі екеуі жақын маңдағы медициналық бекетке апарып, жас жігітке алғашқы көмек көрсетілді. Өз қызметін мінсіз орындаған Юрий Хон осылай бір адамның өміріне араша болды.