Илья Цибульскийге қиын кезеңдерді өткеруіне туғандары мен жақындарының қамқорлығы және қолдауы, ақ жүрегі мен музыкаға деген махаббаты көмектесті. 8 жыл бұрын орын алған қайғылы оқиғадан кейін саксофоншы өз өмірін қайта бастады. Бүгінде бұл жігітті туған қаласы Ақтөбеде саусақсыз саксофоншы деп таниды.

Егер сол қайғылы оқиға орын алмағанда, Ильяның өмірі қалай қалыптасарын кім білген. 2010 жылы 21 қаңтарда кешкі жетілер шамасында оны қарақшылар ұрып-соғып, ұялы телефонын, күрткесін алып, 40 градус аязда өлім ауызында қалдырады. Тек төрт сағаттан кейін оны өтіп бара жатқан кездейсоқ адамдар байқап, ауруханаға жеткізеді. Соққыдан басқа, Ильяда соңғы дәрежедегі саусақтардың үсуі болды. Оларды ампутациялауға тура келді.

Илья сахнаға жеті жасынан бастап шыққан. Алғашында ол музыка мектебінің фортепиано сыныбында болды, кейін үрмелі музыка бөліміне ауысты. Осы жылдар бойы жігіт бірнеше аспапта ойнауды үйренді: баян, сырнай, гитара, керней, сыбызғы. Бірақ саксафон ең сүйікті аспабы болды.

«3 жылдан кейін мен музыкалық колледжге оралып, оны 2014 жылы бітірдім. Сол жылы «Шабыт» ҚазҰӨУ Астана музыкалық академиясына оқуға түстім және әлі күнге дейін оқудамын. 2000 жылдан бері Поляк «Святло» орталығының құрамындамын. Мен онда белсенді қатысушымын. Мен мемлекеттік, поляк және орыс тілдерінде ән айтамын. Саксофон, фортепианода әртүрлі халық композицияларын орындаймын.  Елде болып жатқан барлық оқиғалардың ортасында болу және Отанға пайда әкелу маған ұнайды», - дейді Илья.