Итемген Орынбаев-заңгер

Итемген Орынбаев 1938 жылы Маңғыстау облысы, Маңғыстау ауданы, Жыңғылды ауылында дүниеге келген. ҚазҰУ-ға 1962 жылы заңгер мамандығына түсіп, 1967 жылы сол мамандықты бітірген. ЖОО-нан кейін Итемген Атырау қалалық, Маңғыстау аудандық прокуратураларында тергеуші болып жұмысқа тұрды. 1970-1987 жылдары Маңғыстау, Бейнеу аудандық соттарының төрағасының қызметін атқарғаннан кейін, 1987-1994 жылдары Жаңаөзен қалалық сотының төрағасы, судьясы болып еңбек етті. 1994 жылдан бастап 2005 жылға дейін И.орынбаев Маңғыстау аудандық сотының төрағасы және судьясы қызметтерін атқарған

Ұзақ жылдар бойы сот саласында мінсіз қызмет атқарып, азаматтардың құқықтарын, бостандықтары мен заңды мүдделерін қорғау мақсатында бұқаралық ақпарат құралдарымен байланысты үйлестіріп, жұртшылыққа әділ сот билігінің биіктігін жеткізген.  Сот тәжірибесіндегі маңызды тақырыптар туралы мақалалары   жергілікті басылымдарда жарық көрді.  Жас судьяларға ұдайы тәжірибелік көмек көрсетіп, оларға ұстаздық етті. Судьялар қауымдастығын нығайтудағы белсенді қоғамдық жұмысы және сот қызметін ұйымдастыру мен жетілдірудегі елеулі үлес қосқаны үшін бірнеше мерекелік медальдармен, грамоталармен марапатталған.