Қайыржан Айсин – кәсіпкер

Қайыржан Айсин – Петровалдық жас кәсіпкер, ол тұрмыстық қалдықтарды екінші рет пайдаланып, қоршаған ортаны тазарақ қылуды ниет етіп отыр. Қайыржан ҚТҚ пайдаға асыратын «Вторсырье» ЖШС-н басқарады. Қайыржан біраз уақыт АҚШ-та тұрған, осы идеяны сол жақтан алған. Жас жігіт сол идеясымен «Нұр Отан» партиясының қалалық бөлімшесінің қабылдау бөліміне және Петропавл әкіміне кірген. Қолдау тапқан соң,  «Бизнес жол картасы - 2020» бағдарламасы бойынша «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қоры арқылы 20 млн теңге несие алып, қажетті жабдықтарын алған.  ҚТҚ пайдаға асыру және бөлек жинау мәселесімен Қайыржан Айсин бірнеше жыл айналысып келеді. Ол қала бойынша ұйымдастырған «Вторсырье» нүктелері халықтан қағаз, қолданылған плактик және қалайы қалбыр, істен шыққан тұрмыстық техника жинайды. Қайыржанның айтуынша – «Бұл экологияға пайдалы, себебі біздің полигондарда өртенбейді, пластмасса мен микросхемалардан зиянды заттар бөлінбейді. Жыл сайын алынатын тұрмыстық құралдар саны артып келеді, олар біраз уақыттан соң жарамсыз болып қалады. Бұрын соның бәрі лақтырылатын, енді экология қамы үшін қайта өңделіп, ұқсатылатын болады. Бұдан бөлек, біз бөлек жинауды ұйымдастыру үшін тор контейнерлер орнатуды енгізіп жатырмыз».