Қайрат Көпбаев  –  игі іс жасап жүрген кәсіпкер.

Түгіскен ауылында бой көтерген спорт кешенінің құрылысын «Мақсат» шаруа қожалығының басшысы Қайрат Көпбаев қаржыландырған. Жобаның жалпы құны 110 миллион теңгені құрайды.

Жаңа спорт кешенінде ауыл тұрғындары волейбол, баскетбол, шағын футбол және күреспен айналыса алады. Жаттығу залы заманауи спорттық құрал-жабдықтармен қамтамасыз етілген.

Қайрат Көпбаев басқарып отырған «Мақсат» шаруа қожалығы қазақтың ақбас сиырларының етті тұқымын өсіріп-бағумен айналысады. Бүгінгі күнде шаруашылықта отызға тарта адам жұмыс істейді.

Қайраттың өзі – әйгілі  әулеттен тараған ұрпақ. Ол жастардың спортқа жаны құмар әрі шымыр, шыдамды болып өскенін қалайды.