Қаламқас Әбдуәлиева – «Аяулым» әлеуметтік қолдау» ҚҰ төрайымы, қиын жағдайдағы әйелдер мен балаларға көмек көрсететін «Шаңырақ» дағдарыс орталығының басшысы.

Оның жұмыс күні таңертең басталып, барлық көкейкесті мәселелер шешіліп біткен кезде бір-ақ аяқталады. Қаламқас Әбдуәлиева өте белсенді және мобилді адам, сондықтан үкіметтік емес сектор саласына қатысты ғана емес, әлемдегі болып жатқан барлық жаңалықтарды міндетті түрде біліп отырады. Ол үнемі жаңа нәрселерді үйренуге ұмтылады.

Қоғамдық ұйымның негізгі миссиясы халықтың денсаулығын жақсарту мен замануи отбасы жоғары статусын қалыптастыру, отбасы құндылықтарын нығайту, сондай-ақ қоғам өмірінің барлық саласында гендерлік теңдік ұстанымдарын жүзеге асыруға бағытталған.

«Шаңырақ» орталығының арқасында жүздеген әйелдер өздерінің және балаларының құқықтары туралы маңызды ақпарат алды, тегін психологиялық, заңи және әлеуметтік көмек алды. Қаламқастың бастамасының арқасында «Шаңырақ» дағдарыс орталығында қиын жағдайда қалған, халықтың әлеуметтік тұрғыда әлсіз тобындағы әйелдерге тегін білім алуға және шаштараз өнерін, тырнақ сервисі және массаж ісі секілді мамандықтарды меңгеруге мүмкіндік берген оқу орталығы ашылды. Курстарды аяқтаған соң жоба қатысушыларына ары қарай жұмысқа орналасуына септігін тигізген сертификаттар табысталды. Ұсынылған тегін білім курстары қиын жағдайдағы әйелдерге мамандық алуға, сол арқылы табысқа жетуге, мансаптық және тұлғалық өсуіне мүмкіндік берді. Сондай-ақ жоба қатысушылары «Қаржылық сауаттылық негіздері» курсын өту мүмкіндігіне ие болды.

Қаламқас Әбдуәлиева байқау іріктеуінен өтіп, ҚР жастар корпусын дамыту бағдарламасы аясында Қарағанды облысы жастарының бастамашы топтары жүзеге асыратын жобаларды үйлестіруге ментор ретінде сайланды. Қазіргі кезде Қаламқас Сәтпаев қ. жастар орталығында тұрақты түрде қала жастарына коммуникациялық қабілеттерді, көшбасшылық дағдыларын, дау-дамайларды басқару, келіссөз жүргізу және шешім қабылдауды дамытуға арналған тренингтер өткізіп жүр.

«Біз жеткен жетістікте тоқтап қалмай, алға жылжимыз. Жұмыс моральдық тұрғыда қанағаттандырады және қоғамдық қызмет аз уақыт алмаса да, жұмысың адамдардың өмірін жақсы жағына өзгерткенін көрген кезде, шабыттанатынымды мойындаймын», - дейді Қаламқас Әбдуәлиева жұмысының күйбең сәттері туралы. Оның өмірлік философиясы «Ұлы істер жасау міндет емес, кішкентай ғана істерді де сүйіспеншілікпен жасауға болады» деген өмірлік ұстанымға келіп саяды.