Қален Сұлтанғазин МТФ облыстық таэквондо федерациясының президенті болып табылады.

Таэквондода білек күшіне қарағанда рухани жігер әлдеқайда маңыздырақ. Қален Есболатұлы Сұлтанғазин қиын күрес түрі таэквондо бойынша үздік жаттықтырушылардың бірі, құрыш күштің иесі болып табылады. Ол 4 ДАНның қара белдік иегері және МТФ Таэквондодан Қазақстан Республикасының басты төрешісі. МТФ облыстық таэквондо федерациясының президенті болып табылады. 2016 және 2018 жылдардағы әлем чемпионаттарының үздік төрешісі ретінде алтын медальмен марапатталған. «Қаһарман» таэквондо мектебінде» оның қол астында облыстың 400 жас спортшысы жаттығады. Олардың арасында әлем және Еуропа біріншіліктерінің ондаған чемпиондары мен жүлдегерлері бар. 2018 жылдың жұмыс нәтижелері: - Балнұр Өркенова, әлем чемпионы – 2018, Дурбан қаласы, Оңтүстік Африка, -Рауан Базарбаев, әлем чемпионы – 2018, Дурбан қаласы, Оңтүстік Африка, - Шәмсия Қабдолова, әлем чемпионатының қола жүлдегері – 2018, Дурбан қаласы, Оңтүстік Африка,- Людмила Паршукова, Еуропа Кубогы чемпионы – 2018, Ереван қаласы, Армения, Батырхан Қожанов, Еуропа Кубогы чемпионы – 2018, Ереван қаласы, Армения, Жан Шынғажынов, Еуропа Кубогы чемпионатының күміс жүлдегері – 2018, Ереван қаласы, Армения,- Диар Қимашев - Еуропа Кубогы чемпионатының қола жүлдегері – 2018, Ереван қаласы, Армения.