Кәмшат Ізбасарова – Маңғыстау облыстық отбасы үлгісіндегі балалар ауылының қамқоршылық кеңесінің төрайымы

Кәмшат Маңғыстау облысы басқармасы жанындағы «Облыстық отбасы үлгісіндегі балалар ауылы» ММ қамқоршылық кеңесінің төрайымы болып табылады. Құрамында мемлекеттік органдар, бизнес, үкіметтік емес ұйымдар өкілдері кіретін кеңес жетім балаларға өмірде өз орнын табуға барынша көмектесіп, психологиялық және моральдық қолдау көрсетеді. Түрлі байқаулар, концерттер, Ұлы Отан соғысының ардагерлерімен кездесулер ұйымдастыра отырып, кеңес мүшелері ата-анасыз қалған балаларға қамқорлық көрсетіп, оларға сондай қажетті жайлы жағдай мен жан жылуын береді. Көптеген балалар жаңа отбасы тауып немесе бұрын қандай да бір себептермен балаларынан бас тартқан өз ата-анасына қайта оралатыны қуантарлық жайт.

Кәмшат Айбергенқызы 1984 жылы 28 маусымда Маңғыстау облысы, Бейнеу ауылы, Сарға ауылында педагогтар отбасында дүниеге келген. 2001 жылы Әліби Жангелдин атындағы орта мектепті үздік бітірген. Алматы қаласында М. Тынышбаев атындағы Қазақ көлік және байланыс академиясын қызыл дипломмен тәмамдап, радиоинженер біліктілігін алған. Х. Досмұхамедов атындағы Атырау мемлекеттік университетінде екінші жоғары білім алып, журналист дипломына ие болған. Еңбек жолын 2007 жылдың қазанында облыстық  «Қазақстан-Ақтау» телеарнасында инженер лауазымынан бастаған. 2010 жылы ақпараттық бағдарламалар редакторы лауазымына ауысқан. Өзін басқа салада байқап көруге шешім қабылдағанына көп бола қойған жоқ. Түскен ұсыныстар көп болды, бірақ ол еліміздің басқарушы партиясына тоқтады. Осы жылдың 6 маусымынан бері «Нұр Отан» партиясының Маңғыстау облыстық бөлімшесінің ұйымдастыру-бақылау бөлімінің кеңесшісі болып жұмыс істейді. Оның еңбегі аймақтық және республикалық деңгейде атап өтілді. Бәрінен бұрын 2015 жылы «Алтын қалам» айтулы сыйлығының  бірінші аймақтық байқауында «Ауылым – алтын бесігім» атауында жеңіске жеткені және осы жазда «Nazarbayev Intellectual Schools» ААҚ ұйымдастырған журналистер арасындағы Жаңа заманның жаңғырған мектебі» тақырыбындағы республикалық байқауда жеңіске жеткені есте қаларлық оқиға болды. ҚР Журналистер Кеңесінің мүшесі болып табылады. «Тәжік-ауған шекарасының ардагерлер кеңесі» РБҚ-ның «Ана жүрегі» төсбелгісімен марапатталған.