Қазым Аманқосов – суретші.

Қазым Аманқосов 1965 жылы 20 маусымда Жамбыл облысы Байзақ ауданында дүниеге келген. 1990 жылы Педагогикалық институттың көркемдік-графикалық факультетін бітірді. Қазақстан Республикасы Суретшілер одағының мүшесі. Қазым Аманқосовтың шығармашылығында – суреттер, көркем сурет, сурет өнері және ағаштан жасалған мүсіндер. Суретшінің шығармашылығы – бұл Шығыс мәдениетінің, абстракция, түркі көркемдік мұраларының дәстүрлерін ұстанған өзіндік «Әлем үйлесімділігі». Ой философиясы, өз халқының рухани тәжірибесінің квинтэссенциясы.

Қазым Аманқосов халықаралық, республикалық және аймақтық көрмелердің қатысушысы. Оның көптеген суреттері Францияның, АҚШ –тың, Германияның,БАӘ-нің, Испанияның және басқа да елдердің жинақтамаларында сатып алынып, сақталуда. Сондай-ақ Қазақстан суретшілерінің республикалық және халықаралық симпозиумдарының қатысушысы. 2010 жылы арт-симпозиум аясындағы «Еуразия. Заманауи бейнелер» халықаралық көрменің қатысушысы, 2015 жылы Біріккен Араб Әмірліктерінде өткен шейх Заид бен Сұлтан-Әл-Нахаян атындағы халықаралық фестивалдің қатысушысы, 2016 жылы Қырғызстан Республикасында өткен «Көшпенділер ойындары» II халықаралық фестивалінің қатысушысы.

2002 жылы Қазым Аманқосовтың «Сальвадор Далидің құрметіне» суретін ХХ ғасырдың ұлы суретшісінің талантына құрмет және тағзым белгісі ретінде Барселона (Испания) қаласының әкімдігіне сыйға тартты.