Кенен Ақүрпеков – талантты актер, дарынды режиссер. Ол 2003 жылы Т. Жүргенов атындағы Қазақ Ұлттық өнер академиясын «Актерлік өнер» мамандығы бойынша бітірді.  Кенен Ақүрпеков академияны бітіргеннен кейін, 2003 жылдан бастап Маңғыстау облыстық Н.Жантурин атындағы музыкалық драма театрында актер болып жұмыс істеді. Осы театрлық топта жұмыс істеген уақытында 20-дан астам жетекші рөлді сомдап, өзінің кәсіби актерлік шеберлігін және театр өнеріндегі биік шыңдарға жетуге деген талпынысын жарқын көрсете білді.

Кенен Сәкенұлы соңғы үш жылда Жамбыл облыстық қазақ театрында жұмыс істейді. Осы театрда жұмыс істеген жылдарында ол өзін болашаққа үлкен үмітберуші  талантты актер ретінде көрсете алды. 2015 жылы Ұлы Отан соғысының 70-жылдығына арналған Д.Исабековтың «Тыныштық күзетшісі» спектаклінде Кенен Ақүрпековтың «Демесін» бейнесі театр сыншылары тарапынан жоғары бағаланып,  ең үздік ерлер рөлі деп танылды. Сондай-ақ 2016 жылы И. Сапарбаевтың «Сыған серенадасы» мелодрамасында Шәмшінің рөлін Кенен Ақүрпеков шеберлікпен өте әсерлі орындады және көрермендер оны жоғары бағалады, көрермендер көзайымы сыйлығын алды.

М.Томанов пен М.Ахмановтың 2016 жылғы «Екі дос» Жаңа жылдық қойылымында оның режиссерлік жұмысы театрдың жас көрермендері үшін ерекше сыйлық болды және өзін басқа қырынан, талантты және дарынды режиссер ретінде  көрсетті. Кенен  2016 жылы ақпан айында ойнаған Д.Исабековтың «Өкпе» психологиялық драмасында Тимурдың «құбылмалы» мінезін кәсібилікпен, айнытпай аша алды және бұл бейне ең үздік актерлік жұмыс деп танылды. Сондай-ақ  В.Володиннің «Қос жебе», Н.Оразалиннің «Қилы заман»2016 жылдың жаңа спектакліндегі оның басты рөлі ең үздік рөлдер деп танылды.