Константин Киквидзе –пейзажшы фотограф

Константин Киквидзе – пейзажшы фотограф, Photosafari.kz жобасының негізін қалаушы. 1977 жылы Алматы қаласында дүниеге келген. 1995 жылы 54-мектепті бітірген соң Америка Құрама Штаттарына оқуға кеткен. 1997 жылы Отанға қайта оралып, өзін-өзі іздеу барасында бірнеше ЖОО мен мамандық ауыстырған. Константиннің жұмысы ұзақ уақыт бойы ақпараттық технологиялар және маркетингпен байланысты болған.

Фотографияға деген қызығушылық бірден пайда болған жоқ, бала кезде сұлулықты сақтап қалу ниеті оқу дәптерінің шетіне салынған графикалық жұмыстарда жүзеге асырылған. Табиғатқа деген сүйіспеншілік пен түсіністікті бойына әкесі сіңірген, ол әр демалыс сайын балық аулауға барғанда Костяны өзімен ала кететін. 2003 жылы тағдырдың бұйрығымен Константиннің меншігіне жақсы цифрлық камера түседі. Бастапқыда бәлендей ештеңе білдірмеген нақ осы кездейсоқ таныстық кейін оның өмірлік қызығушылығына айналып шыға келді. 

Алғашқыда ол жаңа «ойыншығы» қалай жұмыс істейтінін түсінуге тырысқан жай ғана балалық қызығушылық болатын. Бұл қызығушылық кейін салмақты хоббиге айналып, оған табиғатқа деген сүйіспеншілік пен саяхатқа деген құмарлық қосылды. 2008 жылдан бері photosafari.kz-тің ортақ ойлы командасы Қазақстанның қорықтық аймақтары мен белгісіздеу көрікті жерлеріне фотоға түсіру мақсатында экскурсияға шығады.

2012 жылы «Белгісіз Қазақстан» жобасы аясында Константин мен оның командасы Отанмыздың көп бөлігін аралап, жыл қорытындысы бойынша бірнеше есте қаларлық көрнекті фотокөрме ұйымдастырды. Фотографтың жұмыстары салынған интернет-парақшаға келгендер саны он мыңдаған қаралымдардан асып жығылады. Бүгінде Константин Киквидзе Қазақстанның алдыңғы қатарлы пейзажшы фотографы болып табылады. Оның жұмыстарын оңтүстік астананың көптеген көркемөнер салондарынан, үйлер мен офистерден көруге болады.