Қуаныш Ерсаханов – жас ғалым, Nazarbayev University Library and IT Services-те жұмыс істейді

Жас кезінде жауынгерлік өнермен айналысқан. Облыстық және халықаралық каратэ жарыстарының жүлдегері болған. Семей қ. қазақ-түрік лицейін үздік бітірген түлегі. Лицейде оқу барысында космостық зерттеу бойынша халықаралық ғылыми жарыстардың жеңімпазы болған. Лицейде оқып жүрген кезінде Қуаныш волонтерлықпен айналысқан, Семей қ. №8 балалар үйінде ағылшын тілін оқытқан. Лицейді бітірген соң Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетіне «Ақпараттық жүйелер» мамандығы бойынша грантқа түсіп, оны үздік дипломмен аяқтаған. Сондай-ақ аталмыш ЖОО-да грант бойынша магистратураны  жоғары 4.0 GPA-ге бітірді

Халықаралық ауысу бағдарламасы бойынша Корея Республикасы Yonsei университетінде оқыған. Оңтүстік Кореяда оқыған кезде озат білім көрсетіп, корея студенттеріне ағылшын және орыс тілін үйренуде көмек беріп, Қазақстан мәдениеті мен тілінің елшісі болған. Сондай-ақ халықаралық студенттермен жұмыс істеген, қазақстандық және кореялық студенттердің жаңа елге бейімделуіне көмектескен. Прага қаласының Чехия техникалық университінде халықаралық ғылыми тағылымдама өткен. Көптеген сертификат, алғыс хаттары және халықаралық конференция дипломдары бар. Жыл сайын халықаралық ғылыми мектептерге қатысқан. Ерікті түрде Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ-да Италия, Франция, Оңтүстік Кореядан шақырылған профессорларға аудармашы болып қызмет еткен. Сондай-ақ ақпараттық технологиялар факультетінде халықаралық семинарлар мен конференциялар ұйымдастыруға көмектесткен. Қуаныш бакалавриат және магистратура оқып жүрген кезде барлық жақсы қасиеттерін танытты: оқуда озат білім мен жоғары баға, университеттің қоғамдық өміріне және халықаралық ынтымақтастықты нығайтуға атсалысу. Оқудағы жоғары жетістіктері үшін Н.Ә.Назарбаевтың және Президенттік стипендия иегері болды. Бұдан басқа Қуаныш 4 тілде сөйлейді: қазақ, орыс, ағылшын және түрік тілдерінде. Қазақстандық және халықаралық конференция еңбектерінде, SCOPUS деректер қорына кіретін журналдарда және Springer басылымдарында жарияланған ғылыми жарияланымдары бар. Ақпараттық қауіпсіздік және веб-технологиялар саласындағы жобалармен жұмыс істеген. Ол ылғи жұмысты ынтамен істеп, үлкен мақсаттарға жетуге тырысады. Қазір Nazarbayev University Library and IT Services-те жұмыс істейді.