Сүлейменов Қуаныш Серікқазыұлы - «Шалабай» ЖШС бас директоры. 

Қиын өтпелі жылдары жергілікті мектептің директоры Қуаныш Сүлейменов және ауылдық округінің әкімі Светлана Давлетова «Шалабай» сөзін бүкіл Қазақстанға таныстырғысы келді. Олар ауылдағы өмірді жақсарту жолында елеулі еңбек етті. 

Олар көпжылдар бойы асыл тұқымды мал шаруашылығымен айналысып, республикаға қазақтың ақбас тұқымын беріп келеді. 

ЖШС құру жолында олар тіпті мемлекеттік жұмыстан шығып кетті. Осылайша кешегі мұғалім Сүлейменов мал шаруашылығының теориясы мен тәжірибесіне көп көңіл бөлетін болды. «Шалабай» ЖШС-нің қазіргі бас директоры Қуаныш Сүлейменов бұл күрделі бизнесті қазақстандық және әлемдік үздік тәжірибе негізінде жүргізудің заманауи моделін  құрды. Светлана Давлетова көпжылдық еңбек өтілі бар экономист және осы серіктестіктің бір бөлігін жүйелі басқарып келеді.

 - Ерте көктемде ұрпақ алу үшін жайылымға жіберу керек. Бұл әлдеқайда арзан. Бұқаларды бір қыс және екі жаз ұстайды. Енді біз жаңа бордақылау алаңын саламыз, онда қарқынды түрде бордақылаумен айналысамыз. Технологиялық тізбекті қазақстандық ғалымдармен және біздің аргентиналық консультант Даниэль Рэартпен кеңесіп, құрдық. Тұрақты дамып, көбею үшін күніне он теңгерімделген азық бірлігі беріледі.Біз ғылыми-зерттеу институтының ғылыми қолдауымен селективті асыл тұқымды жұмыстармен айналысып келеміз және биылғы жылы асыл тұқымды шаруашылықтың мәртебесін аламыз, содан кейін зауыттың қамына кірісеміз. Бір жарым жылда салынған негізгі өндірістік алаңда қонақұйлер де бар - дейді Сүлейменов.

Жұмысшылар вахталық әдіспен жұмыс істейді. Бір апта жұмысқа шығып, келесі апта демалыс алады. Мұндағы жұмысшылардың жалақысы да қанағаттанарлық.  

«Шалабайда» өндірістің табысты жұмысын ескерген басқа да ауылдық фермерлер ынтымақтастыққа көп ниет білдіріп жатады. Осының арқасында жаңа мүмкіндіктерге жол ашылып, қазақтың ақбас сиыры мен байыс және жебе жылқыларының асыл тұқымды өсіру қолға алынды.  

Жеке шаруа қожалықтармен бірлесе отырып, серіктестік мал тұқымын асылдандыруға күш салады. Ал шаруа иеліктері өз кезегінде бордақылау алаңдарын салып беруге тиіс. Осылайша, бірлескен жұмыстардың арқасында жеке кәсіпкерлер мен серіктестің жұмысы жөңгеленіп, лалға жылжып келеді.

Сүлейменов бала кезінде «Кім болғың келеді? Тақырыбына эссе жазғанда «мен савхоздың директоры болғым келеді» деп жауап қатқан екен. Расында да, армандар орындалады. Бүгінде Қуаныш өз ауылының жандануына елеулі үлес қосып келе жатқан азамат.