Лаура Жақсылыққызы  2004 жылдан бастап Сарыкөл аудандық балалар және жасөспірімдер спорт мектебінде «еркін және әйелдер күресі» бөлімінде айналысады. Қазақстан Республикасының спорт шебері, Қазақстан Респбликасының алты дүркін чемпионы, Азия Чемпионатының екі дүркін күміс жүлдегері, Әлем чемпионатының қола жүлдегері болып табылады.

Қазақстан Республикасының Қостанай облысы әкімдігінің дене шынықтыру және спорт басқармасының, аудандық балалар және жасөспірімдер спорт мектебінің  көптеген грамоталары мен медальдарын иеленген, Қостанай облысының он үздік жыл спортшысы қатарында болған. Күрестегі жолдастарымен жақсы қарым қатынаста, тез тіл табысқыш, көсбасшылық жетістіктері бар.  Қойылған мақсатқа қол жеткізуде жігерлілік танытады. Мектеп басшылығы мен бапкердің барлық нұсқауларын орындайды. Үздік нәтижелері: спорт шебері Әлмағамбетова Лаура Тайландта өткен кадеттер арасындағы Азия чемпионаты – 2 орын, салмақ санаты 38кг.; Словакияда өткен кадеттер арасындағы Әлем Чемпионаты – 5 орын; Қазақстан Республикасының жеті дүркін чемпионы. Спорт шебері Әлмағамбетова Лаура Индияда өткен кадеттер арасындағы Азия Чемпионаты – 2 орын; Босния Сараево қаласында өткен кадеттер арасындағы Әлем Чемпионаты -  3 орын.