Ляззат Жабатаева – кәсіпкер.

1960 жылы 19 наурызда Оңтүстік Қазақстан облысында дүниеге келген. Жоғары білімі бар, 1983 жылы Жамбыл гидромелиоративтік және құрылыс институтын экономика мамандығы бойынша бітірген. Ол өзінің кәсіби мансабын 1983 жылы Свердлов ауданындағы (Байзақ) Талас су шаруашылығы зауытында экономист болып бастады. 1995 жылы Жаңатұрмыс ауылдық округі Ақшолақ ауылында 180 адамға арналған кафе ашты. Сондай-ақ 80 адамға арналған қонақүй жұмыс істейді.

2015 жылы «Даму» акционерлік қоғамы арқылы кәсіпкерлікті дамыту мақсатында 22 млн. теңге алып, Сарыкемер ауылында үлкен спорт  кешенінің құрылысын бастады, ол 2017 жылдың қараша айында аяқталды. Спорт кешенде 13 адам жұмыс істейді. Бүгінде ол 4 баланың анасы және сүйікті әже. Іскер әйелдер қауымдастығының мүшесі. 2017 жылы аудандағы 57 аз қамтылған отбасыға және мүгедектерге қайырымдылық көмек көрсетілді. «Үздік кәсіпкер» атағымен, облыс және аудан әкімінің грамоталарымен марапатталды.