Мағжан Ералиев – кәсіпкер

Өзінің туып-өскен Қызылорда облысында Мағжан Ералиев жас кәсіпкер ретінде белгілі. Сондай-ақ ол аймақтың қоғамды өміріне белсенді түрде атсалысады. Қайырымдылықпен және қаланың әлеуметтік бағдарламаларымен айналысады. Өзінің жас мөлшеріне қарамастан, Мағжан айналысатын кәсіп аса маңызды. Былтырғы жылы ол басқаратын компания «Алтын Сапа 2017»  Қазақстан Республикасы Президенті жүлдесінің «Азық-түлік және ауылшаруашылық өнімдерін шығаратын ең үздік кәсіпкер» номинациясы бойынша жүлдегеі болды.

Мағжанэкономика және кәсіптің жоғарғы мектебі Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетін тәмамдады. Өзінің алғашқы еңбек жолын 2013 жылы ТОО «Алтын Орда» экспедиторлық компаниясында сату менеджері болып бастады. 2016 жылдан бастап «Магжан және К» ЖШС директорлық лауазымын атқарды. 2018 жылдың қаңтар айынан бастап, қазіргі уақытқа дейін ПТ «Абзал және Компаниясына» директор болып тағайындалды. Ол басқаратын компания сенімді түрде Қазақстанның күріш шығарушыларының үштігіне кіреді. Сонымен қоса өзінің ұстанымын нық түрде еліміздің нарығында ғана емес, жақын шет елдерде де ұстап тұруда.

Мағжан мүмкіндігі шектеулі балалар мен аз қамтылған отбасылар үшін қайырымдылық науқандарын өткізіп тұрады. Жыл сайынғы өткізілетін «Туған жерге тағзым» жобасының төңірегінде Ералиев Мағжан өзінің туған ауылы Н.Илиясов ауылының дамуына (лепту-кене) үлесін тигізеді. 2017 жылы спорттық ойын-сауық кешенін тұрғызды, демалыс аллеясын салды.