Мақсат Қасенов – бірнеше республикалық, халықаралық байқауларда жеңіске жеткен талантты әнші.

2014 жылы Семей қаласындағы Мұқан Төлебаев атындағы музыкалық колледжді «академиялық вокал» бойынша үздік тәмамдаған. 2012 жылы ағайынды Абдуллиндер конкурсында лауреат атанды. Сол секілді М.Төлебаев атындағы республикалық байқауда 1-орынды жеңіп алды, Эстонияда өткен Изабелла Юрьева атындағы вокалистер байқауында 3-орыннан көрініп, көрермендердің ыстық ықыласына бөленді. Астана қаласында өткен әскери әндер конкрусында алғашқы орыннан көрінді.  Италия елінен келген режиссер Паоло Базизионің шеберлік сыныбынан өтіп, арнайы сертификатқа ие болды. 2016 жылы Семей қаласында өткен халықаралық «Прииртышские Напевый» конкурсында Гран-Приді жеңіп алды. Чехияның Прага қаласында өткен С.Прокофьева атындағы байқаудан 1-орынмен оралса, Грузияда өткен «Гармония» конкурсында Гран-Приді жеңіп алды.

Мақсат Саматұлының есімі бала кезінде жеткен жетістігі үшін Шығыс Қазақстанның тарихына екі рет енгізілген. Осы жылы Астанадағы Қазақ ұлттық өнер университетін тәмамдады. Қазіргі уақытта Павлодар қаласындағы музыкалық колледжде «акадамеиялық вокал» бойынша дәріс береді. Мақсат шәкірттеріне өзінің жиған –терген тәжірибесімен бөлісіп, қазақтың ән өнерін одан әрі дамыта беруді көздейді.