Мақсат Тарбанов – «ҚазАзот» АҚ өндіріс бас инженерінің орынбасары

Мақсат Тарбанов Қазақстандағы аммиакты селитра шығаратын жалғыз өндіруші зауытта 2007 жылдың қаңтарынан бастап жұмыс істейді. 2011 жылы Маңғыстау энергетикалық колледжің «Химиялық бейорганикалық заттар технологиясы» мамандығы бойынша бітірген. Жас маман компрессор қондырғыларының машинисінен өндіріс бас инженерінің орынбасарына дейін еңбек жолынан өткен. Іскерлік және кәсіби қасиеттері ескеріліп, алдымен ауысым бастығы, сосын цех бөлімшесінің бастығы, бастық орынбасары, цех бастығы болып тағайындалған. 2016 жылдың мамырынан бері «ҚазАзот» АҚ өндіріс бас инженерінің орынбасары болып табылады.

Мақсат Тарбанов барлық жаңа енгізілетін қуаттылықтарды іске қосу мен меңгеруге белсене қатысады. Бірнеше ре мүлтіксіз және ұқыпты жұмысы үшін кәсіпорын басшылығымен марапатталған. 2015 жылы оған «Химия өнеркәсібінің үздік жұмысшысы» төсбелгісі берілген.

Кәсіпорында істеген жылдар ішінде ол зауыттың алдыңғы қатарлы инженерлерінің бірі ретінде бірнеше рет таяу шетелдге (Ресей, Украина және Грузия) оқу мен тәжірибе алмасудан өтуге барған. Еңбекқор жұмысшының күн сайынғы міндеттеріне цехта жолға қойылған жұмысты ұйымдастыру, технологтялық режимді дұрыс жүргізу, бас мамандардың қызметін үйлестіру және басқа да маңызды істер кіреді.